- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысындағы инвестфорум аясында 319 миллиард теңгені құрайтын 35 құжатқа қол қойылды
Павлодар облысындағы инвестфорум аясында 319 миллиард теңгені құрайтын 35 құжатқа қол қойылды
Форумның алдында ұйымдастырылған көрмеге инвестицияларды қажет ететін жобалар қойылды. Форум қатысушыларына ірі компаниялар мен кәсіпорындар ған емес, сонымен қатар, павлодарлық ЖОО-ың студенттері ұсынған старт ап жобалар таныстырылды. Сондай-ақ, форум қатысушылары Павлодар облысының қалалары мен аудандарының инвестициялық тартымдылығы туралы бейне роликті тамашалады.
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің мәжіліс залында өткен пленарлық отырыста сөз сөйлеген аймақ басшысы Болат Бақауов Павлодар облысында Тәуелсіздік жылдары жүргізілген инвестициялық саясат инвестициялардың көлемін 30 есе ұлғайтып, еліміз бойынша алдыңғы орынға шығуға мүмкіндік бергенін атап өтті.
Павлодар облысының тиімді географиялық орналасуы, табиғи және энергетикалық ресурстардың молдығы, инвестицияларды қолдау және қорғау жүйесі, өнеркәсіптік кооперация мүмкіндігі, бос жер учаскелері мен жоғары білікті кадрлардың болуы біздің аймағымызды ерекшелеп тұр, - деді облыс әкімі. – Біздің аймағымызда 800-ден астам өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді. Өнеркәсіптің 69%-ын өңдеуші сектор құрайды. Бұл жоғары көрсеткіш облысымызда жоғары қосылған құны бар тауарлардың өнідірісін ұйымдастыру үшін қолайлы жағдай бар екенін көрсетеді.
Аймақ басшысы Павлодар облысына инвестиция құйғысы келетін инвесторды кез келген уақытта қабылдауға әзір екендігін айтып, оларды болашақ жоспарлар мен көкейкесті мәселелерді талқылау үшін кездесуге шақырды.
«Форумның көптеген қатысушылары бүгін түнде, кейбіреулері ертең қайтады. Сондықтан мен инвесторлармен түн ішінде болса да кездесуге әзірмін», - деді аймақ басшысы.
Сонымен қатар, пленарлық отырыс кезінде Беларусь Республикасының Гомель облысы атқарушы комитетінің төрағасы Владимир Дворник, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Қазақстанның инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау, «Strategy Partners Group» компаниясының президенті Александр Ыдырысов, «Қазақстанның идустриялық даму институты» АҚ-ың басқарма төрағасы Айдын Күлсейітов және басқалар сөз сөйледі.
Пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша бірнеше меморандум мен коммерциялық келісімшарттарға қол қойылды. Олардың қатарында Павлодар облысының әкімдігі мен ERG компаниясы, «Рубиком» ЖШС-і және Гомель облысының атқарушы комитетімен арадағы меморандумдар бар. Жалпы, форум шеңберінде жалпы құны 319 миллиард теңгені құрайтын 35 құжатқа қол қойылды
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері