- Басты
- Жаңалықтар
- Мектептерде 12 жылдық білім беруге көшу кезең-кезеңімен енгізілмек
Мектептерде 12 жылдық білім беруге көшу кезең-кезеңімен енгізілмек
«2019 жылы 6 жастан бастап 12 жылдық білім беруге көшіруді қамтамасыз ету ҚР 2016 – 2019 жылдарға арналған Мемлекеттік білім және ғылымды дамыту бағдарламасында белгіленген. Баланың мектепке 6 жасында бару тәжірибесі ЭЫДҰ елдерінде кең тараған (21 мемлекет) және әлем елдерінің 60%-на тән», - деді ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директорының орынбасары Зейнеп Мақсұтова.
ҚР «Білім туралы» заңында елімізде баланың 11 жылдық мектепке бару жасы 6 (7) жас болып белгіленген. 2019 жылы баланың мектепке 6 жасында бару міндетін белгілейтін норма күшіне енеді (ҚР «Білім туралы» заңының 31 бабы).
«12 жылдық білім берудің мәні – мектепке дейінгі сыныптың бірыңғай типтік білім беру бағдарламасын ендіруде, яғни – 5-6 жасар балалар үшін нөлінші сынып (0) енгізіледі (мектепалды даярлық). 12 жылдық білім беру схемасы «0 сынып (мектепалды даярлық) + 11 сынып» принципі бойынша енгізіледі. Барлық сыныптардың жаңартылған мазмұнға көшірілуі 2020 жылға қарай аяқталады. Бұл ретте, қолданыстағы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының өзгертілмейді»,- деп хабарлады Зейнеп Мақсұтова.
Білім берудің жаңартылған мазмұны кезең-кезеңімен енгізілмек: 2016 жылы – 1 сыныптар; 2017 жылы – 2,5,7, сыныптар; 2018 жылы – 3,6,8,10 сыныптар; 2019 жылы – 4, 9, 11 сыныптар көшіріледі.
Жаңартылған бағдарлама аясында базалық оқу және жазу дағдылары қалыптастырылып, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыттағы, сондай-ақ математикалық, мәдени, азаматтық сауаттылық және ғылыми білім беріледі.
Білім берудің жаңартылған мазмұнын ендірумен қатар бес күндік оқу аптасына көшіру жүргізіледі.
Білім берудің жаңартылған мазмұнын ендіруге байланысты 2016 жылы 63 мың педагог кәсіби біліктіліктіліктерін арттыру курстарынан өтті.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай