Астанадан Алматыға енді күніне үш жүрдек пойыз қатынайды

2 Қараша, 2016 20:23
«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2016-2017 жылдарға арналған жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне орай кейбір пойыздардың журу уақыты мен нөмірлеріне өзгерістер енгізгенін хабарлайды, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.

2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап төмендегі пойыздардың нөмірлері өзгерді:

«Алматы-2-Астана» бұрын № 1/2 болса, енді № 701/702;

«Алматы-2-Петропавл» бұрын № 701/702 болса, енді № 705/706;

«Астана-Шымкент» бұрын № 79/80 болса, енді № 707/708.

Сонымен қатар 2016 жылдың 11 желтоқсанынан бастап № 3/4 «Алматы-2-Астана» пойызы және 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап № 11/12 «Алматы-2-Шымкент» пойызы жаңа үлгідегі «Тұлпар-Тальго» кең кузовты вагондармен жасақталатын болады.

Жолаушылар пойызын қанағаттандыру мақсатында енді Астанадан Алматыға күніне «Тұлпар-Тальго» вагондарынан құралған үш жүрдек пойыз (№ 3/4, 701/702 және 705/706) қатынайтын болады.

 

 

 

Барлық жаңалықтар