• Басты
  • Қазақстанда 2016 жылдың 10 айында қылмыстылық деңгейі 6 пайызға төмендеді
2 Қараша, 2016 19:14

Қазақстанда 2016 жылдың 10 айында қылмыстылық деңгейі 6 пайызға төмендеді

Қазақстанда 2016 жылдың 10 айында қылмыстылық деңгейі 6 пайызға төмендеген.Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығыда ағымдағы жылдың 10 айындағы қылмыстылық жағдайы туралы ақпарат бойынша және «Қылмыстық құқық бұзушылық картасына» арналған брифингте Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитет Төрайымы Сәуле Айтпаева мәлімдеді.
Қазақстанда 2016 жылдың 10 айында қылмыстылық деңгейі 6 пайызға төмендеді

Сондай-ақ спикер тіркелген теріс қылықтар санының 11,6 пайызға төмендегенін (39 633-ден 35 024-ке) атап өтті.Сонымен қатар, құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қабылданған шараларға қарамастан, ұрлық саны 6,3%-ға (185 697-ден 174 617-ге), оның ішінде пәтер ұрлығы 22,4% (38 501-ден 31 454-ке) өскен. Жұмыссыздар жасаған құқық бұзушылық саны 13% (70 223-тен 79 361-ге) өскен.

С. Айтпаева атап өткендей, мұндай динамика қоғамымыздағы күрделі қылмыстық жағдайдың салдары емес, барлық құқық қорғау органдарының толық әрі объективті қылмыстылықты көрсетудегі берлескен жұмысының нәтижесі. Қазіргі уақытта ҚР БП және басқа да органдар «Ұрлыққа жол жоқ!» жобасын кеңейтілген түрде көрсетуге бағыт алып отыр.  

Елбасы атап өткен 100 нақты қадамның аясында, атап айтқанда ашықтық, есеп беру және органдарға деген сенім деңгейін арттыру мақсатында «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет-порталы құрылды. Картадан облыстар бөлігіндегі қылмыстардың жалпы санын көруге болады. 1 қазаннан бастап бүкіл қалалар мен аудан орталықтарының – 203 елді-мекеннің, 27 моноқаланың, 16 қала мен аудан орталығының электрондық карталарының 100 пайыз қосылуы қамтамасыз етілді. Интернет-порталды толық енгізуді 2016 жылдың желтоқсанында жүзеге асыру жоспарлануда.  

Сәуле Айтпаева әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі статистика туралы да айтып өтті. 2016 жылдың 10 айында Қазақстанда 3 млн.-нан астам әкімшілік құқық бұзушылық қаралып, ол үшін 2.5 млн. адамға айыппұл салынған.

Жол-көлік оқиғаларының (ЖКО) статистикасына қатысты негізгі көрсеткіштер 6,5 пайызға төмендеген. ЖКО-дағы кісі өлімі 4,4 пайызға азайған.

Тексерулерді есепке алу және бизнесті қорғау бойынша - «Бизнес тірегі» жобасы туралы айтылды. Бұл жерде кәсіпкер өзіне қатысты тағайындалған тексерудің заңдылығы мен негізіділігін тексере алады. Бүгінгі күні 40 мыңға жуық бизнесмен құқықтық көмек алған.

10 айдың ішінде Қазақстанда Бас прокуратураның call-орталығы арқылы азаматтардан 2 млн.-ға жуық өтініш келіп түскен. Қазақстанның әрбір тұрғыны еліміздің кез-келген елді-мекенінен, тіпті ауылдық округтерінен де хабарласа алатынын естеріңізге саламыз. Өтініштердің көпшілігі Астана, Алматы қалаларының, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының мемлекеттік органдарына түскен. Адамдар жер және жерді пайдалану, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, еңбек, әлеуметтік және зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жиі жүгінеді.        

Спикер атап өткендей, жұртшылыққа Комитет сервистерінің қол жетімділігін қамтамасыз етіп пайдаланушылардың сұранысын арттыру үшін «Комитет -әрбір үйге» жобасы іске қосылды. Ол үшін ең алдымен азаматтардың негізгі талаптарын сервиске түсірілді, олардың сұрақтарына жедел де түсінікті қалыпта жауап беруге мүмкіндік берді.

 

Барлық жаңалықтар