• Басты
  • Жаңалықтар
  • БӘА-да Қазақстан өзінің өнеркәсіптік және экспорттық әлеуетін таныстырды

БӘА-да Қазақстан өзінің өнеркәсіптік және экспорттық әлеуетін таныстырды

2 Қараша, 2016 15:37
Дубайда қазақстандық өндірушілердің сауда миссиясы өтті, шарада ел өзінің өнеркәсіптік және экспорттық әлеуетін таныстырды.

Шараға  машина жасау, құрылыс, фармацевтика, астық,  қызмет көрсету,  саласындағы   19 өндіруші қатысты, деп хабарлады Ұлттық агенттіктің баспасөз қызметі.

Қазақстандық компаниялар үздік көтерме – сатып алушылар мен БАӘ дистрибьютер компанияларымен  отандық өнімді БАӘ нарығына жеткізу бойынша келісім орнатты. Сондай-ақ,  өнімді  тіркеу мен сертификациялау мәселесі қаралды.

Қазақстан мен БАӘ арасындағы сыртқы сауда айналымы  2015 жылы  109,5 млн АҚШ долларын құрады. Өткен жылы БАӘ нарығына жұмыртқа мен ет өнімі экспортталды.

Жыл соңына дейін «KAZNEX INVEST» сауда миссияларын өткізіп, отандық өндірушілердің өнімін Ресейде таныстыруды жоспарлап отыр.

Барлық жаңалықтар