- Басты
- Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстандағы ЖӨӨ тәуелсіздік жылдары ішінде 2 трлн теңгеге жетті
Шығыс Қазақстандағы ЖӨӨ тәуелсіздік жылдары ішінде 2 трлн теңгеге жетті
«Шығыс Қазақстан облысының Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде бой көтеруі әлеуметтік-экономикалық жүйенің ауқымды өзгерістерімен сипатталады, халықтың өмір сүру деңгейінің жақсаруын мұндағы басты жетістік деп санауға болады. Жалпы өңірлік өнім көлемі 25 жыл ішінде 260 есе - 8,8 млрд теңгеден 2,3 трлн теңгеге дейін өскен. Халық басына шаққандағы ЖӨӨ 5 мың теңгеден 1 млн 656 мың теңгеге дейін немесе 330 есе ұлғайған. Жұмыссыздық деңгейі 11%-дан 4,8%-ға дейін төмендеген. Облыс қиындықтарды жеңе отырып, қазіргі уақытта республиканың ірі өнеркәсіптік, аграрлық, энергетикалық және мәдени орталығы болып табылады», - делінген хабарламада.
Ширек ғасыр ішінде өңірдегі өнеркәсіптік өндіріс көлемі 34,1 мың есе өскен. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы әлемдік қоғамға жылына миллион тоннаға жуық мырыш, титан, мыс, қорғасын, магний, алтын, күміс, сирек кездесетін металдарды экспорттайды. Облыста бұрын Қазақстанда болмаған өндіріс іске қосылды. Ол жеңіл, жүк автомобильдерін, жолаушылар автобустарын, тракторларды құрастыру зауыттары.
Ақпарат орталығында Индустрияландыру картасы іске қосылған сәттен бастап 220 млрд теңгеге 44 жоба іске асырылғаны, 18 мыңнан астам жұмыс орны ашылғаны атап өтілді.
Өңірде мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің әр түрлі нысандары дамытылуда, концессиялық жобалар арқылы шетелдік инвестициялар тартылуда. 25 жыл ішінде негізгі капиталға инвестициялар көлемі 1999 жылғы деңгейге қарағанда 21,9 млрд теңгеден 412 млрд теңгеге дейін немесе 18,8 есе ұлғайған.
Шығыс Қазақстан облысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және өңірдің ғана емес, сонымен қатар республика экономикасына да едәуір үлес қосатын дамыған агроөнеркәсіп кешені жұмыс істейді. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 367 млрд теңгеге дейін өскен.
«Мұндай өсуді қамтамасыз ететіндер үшін барлық жағдайлар жасалған. Тәуелсіздік жылдары ішінде біздің облысымызда 138 жаңа мектеп, 118 жаңа денсаулық сақтау объектісі, 311 спорт объектісі салынып, пайдалануға берілген», - делінген хабарламада.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстандағы банк секторының даму бағыты -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Қазақстандағы миграцияның негізгі тенденциялары -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
COVID-19: Қазақстандағы эпидахуал, «қызыл» аймақтағы өңірлер және вакциналау барысы -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек