- Басты
- Жаңалықтар
- Қырғызстанда қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды
Қырғызстанда қазақ әдебиеті мен мәдениеті орталығы ашылды
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ақпараты бойынша, мұнда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, қазақстандық жазушылар Ілияс Есенберлиннің, Әбіш Кекілбаевтың, Сұлтан Оразалиновтың, Махмұд Қасымбековтың, Бахыт Қайырбековтың кітаптары ұсынылған. 31 томнан тұратын қазақ-орыс және орыс-қазақ терминологиялық сөздігі ерекше қызығушылық туғызады. Терминологиялық сөздік ғылым мен техниканың, өндіріс пен мәдениеттің барлық салаларын қамтиды.
Орталықты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академия кітапханасы (ҚР ҰАК) ашты.
«Осы іс-шараның өткізілуі бауырлас Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының арасындағы достық пен ынтымақтастықтың өзіндік символы болып табылады», - деді Қырғыз Республикасының мәдениет, ақпарат және туризм вице-министрі Фархад Бекманбетов.
Бұдан бөлек, Орталықтың ашылуы барысында ҚР ҰАК-тың Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасымен әріптестік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
«Меморандумға сәйкес, біз Қазақстан Республикасының Ұлттық академия кітапханасында Қырғыз әдебиеті мен мәдениеті орталығын ашуды жоспарлап отырмыз. Орталықтың ашылуы екі бауырлас халықтың рухани жақындасуына ықпал етеді және кең жұртшылыққа әдебиет пен шығармашылық арқылы біздің елдеріміздің мәдениетін жақсы тануға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Қырғызстанның Ұлттық кітапханасының директоры Жылдыз Бакашова.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция