- Басты
- Жаңалықтар
- Мәжіліс АЭХА ТБУ банкін құру туралы келісімнің ратификациялануын мақұлдады
Мәжіліс АЭХА ТБУ банкін құру туралы келісімнің ратификациялануын мақұлдады
Келісімге сәйкес, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Қазақстан Республикасында АЭХА-ға тиесілі Төмен байытылған уран банкін (ТБУ банкі) құрады.
«Байытылған уран халықаралық банкі АЭХА-ға мүше мемлекеттердің атом станцияларына ядролық отынның кепілдікті жеткізілуін қамтамасыз ету үшін құрылады және мүше мемлекеттердің бірінде орналасқан, атом электр станциялары үшін отын дайындауға арналған бастапқы материал болып табылатын уран сақтау қоймасы болып табылады. АЭХА ТБУ банкін құру туралы шешімді 2006 жылы қабылдаған болатын. АЭХА осындай банк құру туралы бастама жасай отырып, оператор елге қойылатын талаптарды тұжырымдады», - деп хабарлады ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев.
Ведомство басшысы атап өткендей, төмен байытылған уран еуропалық стандарттағы цилиндрлерде, контейнерлерде гексофторит түрінде сақталады. Оның айтуы бойынша, уран қоры әлемдік уран нарығында дағдарыс жағдайы туындаған жағдайда ғана талап етілетін жұмсалмайтын қор болып табылады. Іс жүзінде, қалыпты оқиғалар барысында бұл қор ешқашан қажет болмайды.
Келісімге сәйкес, АЭХА төмен байытылған уранды алумен, жеткізумен және күтіп-ұстаумен байланысты шығыстарды; төмен байытылған уранның экспортымен және импортымен байланысты шығыстарды; салықтар, алымдар мен баж төлеу бойынша шығыстарды өзі өтейтінін қоса кетейік.
«Қазақстан Республикасы үшін агенттіктің ТБУ банкін орналастыру жобасын іске асыру ядролық қаруды таратпау режимін нығайтудағы маңызды үлес болып табылады», - деп түйіндеді министр.
-
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
Сенат ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
«Сайлау туралы» заңға өзгерістер енгізу: Ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Мәжіліс отырысы: «Байқоңырдан» ұшатын зымырандар, мектептегі қауіпсіздік, мектеп емтихандарын болдырмау -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
2021-2025 жылдарға арналған ӘЭДБ мен республикалық бюджетті нақтылау туралы Заң жобасы