- Басты
- Жаңалықтар
- Қазпочтаның 30 бөлімшесі ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттер сатады
Қазпочтаның 30 бөлімшесі ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне билеттер сатады
Бүгіннен бастап ЭКСПО-2017 көрмесіне билетті – Қазпочтаның 30 пошта бөлімшесінен (әрбір облыстық филиалдағы екі бөлімшеден), ал биылғы жылдың 1 желтоқсанынан бастап барлық автоматтандырылған бөлімшелерінен сатып алуға болады. Билеттерді сату көрменің соңғы жұмыс күні – 2017 жылдың 10 қыркүйегіне дейін жүзеге асырылатын болады.
«ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекке дейінгі аралықта Астана қаласында өтеді. 93 күн ішінде 85%-ын республика тұрғындары құрайтын 5 миллион адам қатысады деп күтілуде.
Біз Қазпочтаның арқасында ең шалғайдағы өңірлердің тұрғындарына да көрмеге билет сатып алу мүмкіндігін ұсына аламыз», – деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Коммерцияландыру департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев.
«Қазпочта» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Байрам Азизов: «Біздің осы тектес қызмет ұсынуда тәжірибеміз бар. Қазіргі таңда біздің операторлар т/ж билеттерін, авиабилеттерді және т.б. сату бойынша агенттік қызметтерді ұсыну бағытында жұмыс жасауда», – деп атап өтті.
Пошта бөлімшелерінің операторлары электрондық билеттерді ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттер сату бойынша ресми сайт –tickets.expo2017astana.com арқылы ресімдейтін болады.
Клиенттер күні белгіленген билеттерді жұмыс күндеріне 4000 теңгеге және демалыс күндеріне 6000 теңгеге ала алады. Ал күні белгіленбеген билеттерді жұмыс күніне 6000 теңгеге және демалыс күндеріне 8000 теңгеге ала алады. Билеттерді сату қолма-қол ақшамен де, төлем карточкаларымен де жүзеге асырылады. Бөлімшелердің толық тізімі «Қазпочта» АҚ ресми сайтында: www.post.kz
Билеттерді сатып алынған орны бойынша қайтару қарастырылған. Күні белгіленген билет көрмеге барар күннің алдындағы күннің соңына дейін қайтарып алынады. Жоғалтып алған жағдайда, билетті tickets.expo2017astana.com сайтында құрылған жеке кабинеттен басып шығаруға болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады