- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар перзентханаларда баланың тууына байланысты қызметті алуға бір ай ішінде 34 мыңнан астам өтініш берген
Қазақстандықтар перзентханаларда баланың тууына байланысты қызметті алуға бір ай ішінде 34 мыңнан астам өтініш берген
Естеріңізге сала кетсек, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы қыркүйек айының соңында жаңа пилоттық жобаны іске қосып, соның шеңберінде мемлекеттік корпорация қызметкерлері перзентхана ғимаратында бірден 4 қызмет көрсетуге өтініш қабылдай алатын. Бүгінгі таңда жобаға Қазақстан Республикасы бойынша 206 перзентхана мен перинаталдық орталықтар жұмылдырылған.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» КЕ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Медет Құмарғалиевтің айтуынша, қазақстандықтар бұл 4 қызметті алу үшін ата-анасының жеке басын куәландыратын құжатты, неке қию туралы куәлік пен оның көшірмесін (Қазақстан Республикасың аумағында 2008 жылдан кейін некелері тіркелген тұлғалар куәліктің көшірмесін ұсынбайды), туу туралы медициналық куәлікті (перзентханадан беріледі) ұсынулары қажет. Сондай-ақ, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді алуға өтініш беру үшін барлық балаларының туу туралы куәліктерін немесе туу туралы акт жазбасынан үзінді көшірмені ұсыну қажет, ал бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтiк төлемді тағайындау үшін банктік шотының нөмірі туралы құжаты болуы тиіс. Балалары балабақшадан бірінші кезекте орын алуға құқылы ата-аналар оны растайтын құжатты ұсынулары тиіс.
Дайын туу туралы куәлікті ата-аналар құжаттар қабылдаған күнді есептемегенде 2 жұмыс күнінен кейін халыққа қызмет көрсету орталығынан алуларына болады, ал жәрдемақының тағайындалғаны туралы ақпарат клиенттің ұялы телефонына sms-хабарландыру арқылы түсетін болады. Айтпақшы, балабақша кезегін қазақстандықтар egov.kz электронды үкімет порталынаннемесе мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріндегі «Connection Point» өзіне өзі қызмет көрсету орталықтарынан білулеріне болады.
Айта кетерлігі, жаңа пилоттық жоба қызметалушылардың уақыттарын үнемдеуге бағытталған.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды