• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның мемлекеттік мұрағаты көрсетілетін қызметті кеңейтуді жоспарлауда

Қазақстанның мемлекеттік мұрағаты көрсетілетін қызметті кеңейтуді жоспарлауда

2 Қараша, 2016 14:42
Алматыда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Ашық Үкімет» шеңберіндегі Қазақстан архивтерінің міндеттері» атты Республикалық семинар-кеңес ұйымдастырды.

«Семинар-кеңестің жұмысына жергілікті атқарушы органдардың жауапты қызметкерлері, республикалық және өңірлік, облыстық мемлекеттік архивтердің басшылары, «Зерде» Ұлттық холдингінің, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері қатысты», - деп хабарлады Мәдениет және спорт министрлігі.

Талқылаудың негізгі мәселесі Министрлікпен әзірленіп жатқан «Қазақстан Республикасының архив ісі мәселелері бойынша кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы болып табылды. Жобамен саланы заңнамалық реттеуді жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланған. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған нормалар қарастырылатын болды. Атап айтсақ, мемлекеттік архивтермен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесін кеңейту, сондай-ақ заңды тұлға таратылған кезде жұмыскерлердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды және оларды зейнеткерлік қамтамасыз етуге қаражат ұстағаны және аударғаны туралы мәліметтерді архивке тапсыруды қамтамасыз ету міндетін бекіту.

Кеңес шеңберінде республикалық орталық мемлекеттік архивтермен архивтік құжаттардың жекелеген санаттарымен (жеке қорлар, дыбысбейне құжаттама, ғылыми-техникалық құжаттама) жұмыс жүргізудің заманауи әдістері мен тәсілдері бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, жүргізілді.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар