• Басты
  • Жаңалықтар
  • АШМ қазақстандық ірі қара мал етінің өзіндік құнын төмендетуге уәде берді

АШМ қазақстандық ірі қара мал етінің өзіндік құнын төмендетуге уәде берді

6 Желтоқсан, 2013 17:44
Қазақстанда ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасы аясында шараларды жүзеге асыру нәтижесінде аталған өнімнің өзіндік құнын 500 теңгеге дейін төмендеді, деп мәлімдеді ҚР ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков семинарда.

«Тауар шаруашылықтарындағы генетика қалыпты болғанда, және бұқалар жайылымда өсірілсе, мемлекеттің қолдауынсыз сиыр етінің 1 келісінің өзіндік құны, біздің есебімізше, 500 теңгеден аспайды», - деді А.Мамытбеков семинар барысында.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы «еттің төмен өзіндік құнына қарамастан сапасы жақсы - өсіру гормондарынсыз, ГМӨ қосымшалары бар жемсіз болады. Экспортқа және нарық ішінде сататын сапалы, органикалық таза мәрмәр ет аламыз» деп сендірді.

АШМ басшысы осындай тізбек құрылған соң, мал шаруашылығын субсидиялау қажет болмайды деп есептейді.

«Сонда мемлекеттік субсидияларды алып тастауға болады. Барлық технология сұранысқа ие болатын бәсекеге қабілетті өнімге жұмыс жасайды... Субсидиялар өндірістің дұрыс технологиясын құру үшін қажет», - деп қортындылады А.Мамытбеков. 

 
Барлық жаңалықтар