- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан World Botanic EXPO-2016 көрмесінде үшінші орын алды (ФОТО)
Қазақстан World Botanic EXPO-2016 көрмесінде үшінші орын алды (ФОТО)
Түркияда алты ай бойы өткен World Botanic EXPO-2016 халықаралық мамандандырылған көрмесінде қазақстандық павильон бақша экстерьері мен интерьерін жасау номинациясында үшінші орын алды. Қазақстандық павильон ең ақпараттық павильондардың бірі, көрме барысында оны 75 елдің өкілі тамашалаған.
Қазақстандық павильонның экспонаттарын ҚР БҒМ Ғылым комитеті жанындағы Ботаника және фитоинтродукция институты әзірлеп, көпшілікке ұсынған.
Павильон қонақтары палеоботаникалық үлгілер жиынтықтары түрінде жасалған Қазақстанның флорасының тарихымен танысып, «Қызыл кітапқа» енгізілген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан сегіз ағаш тұқымдас өсімдік түрін көре алды.
Әлемдегі ең үлкен көрменің өсімдіктерден жасалған үздік павильонын таңдау кезіндегі басты критерийлер павильонның көрме тақырыбына сай болуы, нақтырақ айтқанда, тарихын, биологиялық әралуандылығын сақтау, тұрақты даму мен «жасыл қала» болды.
Марапаттау салтанатында сөз сөйлеген «Анталья ЭКСПО-2016» ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Түркияның азық-түлік, ауыл және мал шаруашылығы министрі Фарук Челиктің айтуынша, 191 күннің ішінде көрмеге 4,5 миллионнан аса жергілікті және шетелдік қонақ келген. Кейбір күндері көрме қонақтарының саны 70 мыңнан асқан.
«Анталья ЭКСПО-2016» халықаралық ботаникалық көрмесі өз жұмысын 22 сәуірде бастаған болатын. Көрме философиясы – «Болашақ ұрпақтың жасыл әлемі», басты тақырыбы – «Гүлдер мен балалар».
Көрме аумағы 120 га құрады, онда 54 мемлекеттің павильоны жұмыс істеді.
ҚР БҒМ ҒК ботаника және фитоинтродукция институты 1932 жылы құрылған. Институтта республикамыздың түрлі аймақтарында жиналған 500 аса қазынды өсімдіктер коллекциясы сақталған. Бұл Орталық Азиядағы юра, бор, палеогендік және неогендік кезеңдердегі қалдықтардың ең ірі коллекция. Институт құрамында Басты ботаникалық бақ, Жезқазған ботаникалық бағы және Іле ботаникалық бағы бар.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды