• Басты
  • «Нұрлы жол»: 2020 жылға қарай 4,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған
2 Қараша, 2016 09:56

«Нұрлы жол»: 2020 жылға қарай 4,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған

Қазақстанда құрылыс жұмыстары 6,9 пайызға өсті, бұл «Нұрлы жол» аясында инфрақұрылымды енгізуге байланысты. 2020 жылға қарай 4,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді іске қосу көзделген, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.
«Нұрлы жол»: 2020 жылға қарай 4,5 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған | Strategy2050.kz

 ««Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылға қарай 4,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді іске қосу көзделген (2020 жылға қарай жалға берілетін тұрғын үй – 1,7 млн. шаршы метр, кредиттік тұрғын үй – 2 млн. шаршы метр, коммерциялық тұрғын үй – 0,8 млн. шаршы метр)», - делінген хабарламада.

Тұрғын үй құрылысын дамытуға 2015 жылы 189,7 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде Ұлттық қордан 140 млрд. және республикалық бюджеттен – 49,7 млрд. теңге.Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды дамытуға 442,5 млрд. теңге бөлінген, оның ішінде Ұлттық қордан 423,9 млрд. және республикалық бюджеттен – 18,6 млрд. теңге.

Мемлекеттік қаражаттың есебінде оң динамика сақталып отыр, Мемлекеттік бағдарлама аясында 444 млрд теңге «ҚИК» АҚ  арқылы жалға беру  құрылысына бөлінді. 2015 жылы және  2016 жылдың  9 айында  535,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін  255,3 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Ведомство хабарлағандай,  құрылысқа  324,1 мың шаршы метр жалға беру және  366,9 мың шаршы метр  несиелік баспана  «Бәйтерек девелопмент» АҚ арқылы  2016-2017 жылдарға 113 млрд теңге қарастырып отыр.

«541,5 мың шаршы метр жалға беру баспананың құрылысына   ЖАО арқылы 67 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі таңда әкімдіктер 38,2 млрд теңге облигация шығарылды, оның  10,3 млрд теңгесі игерілді. Қалған 28,8 млрд теңге облигацияны  2017 жылы шығару жоспарланған.  ТҚЖБ салымшыларын несиелендіру үшін  22 млрд теңге қарастырылған», - деп хабарлады министрлік.

Биылғы жылы  83,3 млрд теңгенің 312,2 мың шаршы метр болатын  9 нысанын  Астана, Алматы, Өскемен және Қарағанды  қалаларында  салу жоспарланған.

Жалпы, «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылға қарай 4,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді іске қосу көзделген (2020 жылға қарай жалға берілетін тұрғын үй – 1,7 млн. шаршы метр,

Индира Кауметова

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды