• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен ЕО бірлескен әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы мәселені пысықтайды (ФОТО)

Қазақстан мен ЕО бірлескен әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы мәселені пысықтайды (ФОТО)

1 Қараша, 2016 19:34
Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев елші, Еуропалық одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы Траян Лауренцю Христеамен кездесу барысында Қазақстанда ЕО-мен бірлескен әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы мәселені пысықтауды ұсынды.

Рrimeminister.kz хабарлағандай, кездесу барысында Нұрлан Ермекбаев 2015 жылғы 21 желтоқсанда Астанада елдер арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі жан-жақты дамытуға ықпал етуге арналған ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылуына баса назар аударды.

Министрлік қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді. Министрлік мемлекет және діни бірлестіктер, азаматтық қоғам арасындағы әріптестік және өзара түсіністік қарым-қатынастарының дамуын қамтамасыз ететінін хабарлады. 

Бұдан бөлек, ол үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау, олардың дамуы үшін басқа қолайлы жағдайлар жасау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы да хабарлады. Н. Ермекбаев Қазақстанда бірлескен әлеуметтік жобаларды іске асыру туралы мәселені пысықтауды, консультациялар жүргізуді және жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қолдау бойынша шаралар қабылдауды ұсынды.

ЕО-ның Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы өңірлік ынтымақтастық аясында жүргізіліп жатқан жұмыс туралы хабарлады.

Кездесу қорытындылары бойынша азаматтық қоғамды дамыту және азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастық туралы келісушіліктерге қол жеткізілді. 

Барлық жаңалықтар