• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Словакияның парламенттік достық топтарының қызметін күшейту қажет – Назарбаева

Қазақстан мен Словакияның парламенттік достық топтарының қызметін күшейту қажет – Назарбаева

1 Қараша, 2016 19:13
Қазақстан мен Словакияның парламенттік достық топтарының қызметін күшейту қажет, деді Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Словакияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Петер Юзбен кездесу барысында.

Сенатор қазақстан-словак қарым-қатынастарының жақсы динамикасын, сондай-ақ Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы жемісті ынтымақтастықты атап өтті. 

Бұдан бөлек, ҚР Парламенті Сенатында хабарлағандай, парламенттік достық топтарының қызметін күшейту қажеттілігі атап өтілді, сондай-ақ екі ел арасындағы экономикалық және гуманитарлық өзара іс-қимылды тереңдету болашағы талқыланды. 

Д. Назарбаева Қазақстанның туризм саласындағы бірлескен жобаларын іске асыруға мүдделілігін атап өтіп, словак журналистері мен бизнес өкілдерін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне шақырды. 

Барлық жаңалықтар