- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаттың вице-спикері Иранның сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті
Сенаттың вице-спикері Иранның сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті
Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Иранның сыртқы істер министрінің орынбасары Хасан Кашкавимен кездесті.
Б.Бекназаров Қазақстан мен Иран ынтымақтастығының жоғары деңгейіне қанағаттанатынын білдірді. Ол Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың осы жылдың сәуір айындағы Иранға барған ресми сапары екі елдің халықаралық және аймақтық мәселелерде көзқарастары ортақ екенін көрсетті деп атап өтті.
Парламентаралық үнқатысудың келешегін талқылай келіп, тараптар екі жақты ынтымақтастықты өрістету қажеттігіне тоқталды.
Төраға орынбасары Қазақстанның 2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі лауазымындағы басымдықтары туралы әңгімеледі, сондай-ақ Астанада Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру туралы Қазақстанның бастамасына Иран тарапының қолдау білдіргені үшін ризашылылығын білдірді.
«Ұйымның басты міндеті – бірлескен азық-түлік қорларын қалыптастыру және басқару есебінен азық-түлікті жеткізу шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін мейлінше тиімді көлік-логистикалық бағдарларды құрып, ислам мемлекеттері халқын табиғи-климаттық және географиялық жағдайға байланысты экономикалық тұрғыда қол жетімді азық-түлікпен қамтамасыз етуді шешуіне сенім артамыз», - деді Б.Бекназаров.
Кездесу соңында Сенат Төрағасының орынбасары Иран компанияларын «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» аясында қандай іс-шаралар атқарылып жатыр -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
«Зерде» холдингі»: Цифрлық трансформация орталығы, штат санының қысқаруы және холдинг кірістері -
Салық заңнамасын жетілдіру: Саладағы өзгерістер