ЕАЭО елдері АӨК саласында инновациялық қызмет ынтымақтастығын дамытуда

1 Қараша, 2016 20:21
ЕЭК коллегиясы жанындағы агроөндірістік кешен консультативтік кеңесінің отырысында ЕАЭО елдерінің мемлекетаралық өзара байланысын дамытатын құжаттардың жобалары мақұлданды.

АӨК саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібінің жобасы және «ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің АӨК саласындағы ғылыми және инновациялық қызметін үйлестіру туралы» Комиссия Алқасының Ұсынымы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің осы жылғы 13 сәуірдегі өкімін орындау үшін әзірленді, деп хабарлады ЕЭК.

Құжат өзара мүдделілікті білдіретін және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру мен өткізуді инновациялық дамытуға бағытталған бірлескен ғылыми зерттеулерді әзірлеу мен іске асыру кезінде ЕАЭО елдерінің өзара іс-қимыл тетігі мен ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

«Тәртіптің қабылдануы Одақ мүшелеріне мүше мемлекеттермен келісілген тақырыптар бойынша АӨК саласындағы бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды іске асыруға кірісуге мүмкіндік береді.

ЕЭК Алқа Ұсынымы Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттерінің агроөнеркәсіп кешені саласындағы ғылыми және инновациялық қызметін үйлестіруге және жүргізіліп жатқан және 2020 жылға дейін жоспарланған АӨК саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың тізбесі негізінде осы саладағы мемлекетаралық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған.

Осы құжаттардың қабылдануы мүше мемлекеттердің ғылыми әлеуетін пайдалану тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, қаражатты ұтымды пайдалануға, агроөнеркәсіп саласындағы ғылыми зерттеулер мен конструкторлық әзірлемелердің қайталануына жол бермеуге және ғылыми және инновациялық қызметтегі кооперацияны өсіруге мүмкіндік береді. 

Барлық жаңалықтар