- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан халқы Ассамблеясы медиаторларының қатысуымен 8500 дау қаралды – Әбдірайым
Қазақстан халқы Ассамблеясы медиаторларының қатысуымен 8500 дау қаралды – Әбдірайым
2015 жылғы 31 қазанда Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексіне (бұдан әрі - АПК) қол қойды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығында алғаш рет заңға қол қою рәсімі БАҚ өкілдерінің қатысуымен жариялы түрде өтті. Бұл аталған Кодекстің барша халық үшін маңыздылығын білдіреді.
«2016 жылғы 1 қаңтардан, яғни Кодекстің күшіне ену сәтінен бастап бар болғаны 10 ай өтті, алайда осы уақыт ішінде Кодекс нормалары азаматтық сот ісін жүргізуді жетілдіру, электронды сот ісін жүргізуді дамыту, азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін уақтылы қалпына келтіру және қорғау бойынша өзінің зор әлеуетін көрсетті», - деді Ұ.Сүлейменова.
Жаңа заңдағы барлық өзгерістер бітімгершілік рәсімдер мен ақпараттық технологияларды кеңінен қолдана отырып, процеске қатысушылар үшін азаматтық істерді қараудың ыңғайлы әрі жылдам тәртібін қалыптастыруға бағытталған.
Жаңа АПК мен сот ісін жүргізудің басты жаңашылдығы – бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшу. Сот ісін жүргізудің мұндай моделі халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Сот төрелігіне қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында талап арызды қозғалыссыз қалдыру институты алынып тасталды. Қайтарылған өтініштердің үлесі өткен жылмен салыстырғанда 10,5%-ға азайды. Талап арыздарды қабылдаудан бас тарту саны 15,1%-ға азайды. Қараусыз қалдырылған талап арыздардың саны 12,7%-ға азайды. Сырттай іс жүргізу түрінде қаралған істердің саны 74,7%-ға төмендеді. Жеңілдетілген (жазбаша) іс жүргізу түрінде қаралған істердің саны 2,3 есеге артты. Жеңілдетілген тәртіппен қаралған істердің аяқталған азаматтық істердің жалпы санындағы үлесі 57,5%-ды құрады.
2016 жылдың 9 айында бірінші сатыдағы сот тәртібінде инвестициялық даулар бойынша Астана қалалық сотына – 44 өтініш пен іс, Жоғарғы Сотқа ірі инвесторлардан 21 өтініш келіп түсті. Аталған соттар барлығы 45 істі қарады.
Дауларды шешудің баламалы түрлерін қолдана отырып аяқталған азаматтық істердің саны 1,7 есеге артты. Соның ішінде 5640 азаматтық іс немесе барлық істердің 27,8% бітімгершілік келісімге келу жолымен аяқталды, 14324 іс немесе барлық істердің 70,5% медиация рәсімдерін қолдана отырып аяқталды, 354 іс немесе 1,8% партисипативтік рәсімдер арқылы шешімін тапты.
Өз кезегінде Б.Әбдірайым брифингке қатысушыларды медиация институтының рөлі туралы хабардар етті. Дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу институтын қолдану аясын кеңейту мақсатында Жоғарғы Сот Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, Медиация институтын дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды. Мұндай меморандумдарға барлық облыс әкімдіктері де қол қойды. Бүгінде әкімдіктер жанынан 827 медиация кабинеті ашылды. Ассамблея медиаторларының қатысуымен 8500 дау қаралды. Бұл даулар соттан тыс өз шешімдерін тапты.
Қайрат Раисов өз баяндамасында жаңа АПК күшіне енгеннен кейін прокуратура жұмысындағы өзгерістер, атап айтқанда, азаматтық процеске прокурорлардың қатысуының азаюы туралы айтты. Ағымдағы жылғы 9 айда сот істерін қарауға прокурорлардың қатысуы шамамен 30%-ға қысқарды.
Брифинг соңында сот жүйесінің құқық үстемдігін қамтамасыз ету мәселесінде жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отырғандығы, оң көрсеткіштердің өсу динамикасы байқалатындығы аталып өтілді. Қазақстан Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде «Соттардың тәуелсіздігі» индексі бойынша соңғы үш жылда 18 позицияға (86-дан 68-ге), өткен жылы 4 позицияға (72-ден 68-ге) көтерілді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады