- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті нысандардың жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету қажеттігін айтты
ҚР Президенті нысандардың жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету қажеттігін айтты
Кездесу барысында Б.Сұлтанов Қазақстан Президентіне Қаржы министрлігінің биылғы 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы, республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы, сондай-ақ Мемлекет басшысының төрағалығымен 2016 жылғы 9 қыркүйекте өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша берілген тапсырмалардың іске асырылуы туралы баяндады.
Елбасы бюджет үдерістерінің тиімділігін одан әрі арттыруға, бюджетті қалыптастыру барысында экономиканың өсіміне ықпал ететін мемлекеттік бағдарламаларға негізделген ұтымды тәсілдердің қолданылуына баса назар аударды.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті жекешелендірудің екінші кезеңін іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру қажеттігіне айрықша тоқталды.
«Мемлекеттік нысандарды отандық және шетелдік инвесторлардың меншігіне беру ісінің мейлінше жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету қажет», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы мүлікті заңдастыру жөніндегі науқанның соңғы кезеңіне қатысты міндеттер қойды. Мәселен, Қазақстан Президенті бұл науқанды жүргізу барысында қалыптастырылған жариялылық жағдайын атап өтіп, оның ел экономикасы үшін нәтижелілігін айтты.
«Мүлікті заңдастыру салық есебінен бюджетті толықтырып, одан әрі экономикаға пайдасын тигізетін активтерді анықтауға мүмкіндік беретін болады. Бұл – салық жүйесінің басты міндеттерінің бірі», – деді Елбасы.
Қаржы министрі тиімді экономикалық саясат пен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында заңнамаларға өзгерістер енгізу, салық пен кедендік басқаруды жетілдіру есебінен бюджет кірісінің тұрақтануы және биыл оның 7,4%-ға өсуі байқалып отырғанын мәлімдеді.
Кездесу қорытындысы бойынша Елбасы бірқатар нақты тапсырма берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді