• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы қайырымдылық акция бойынша ел аралауға аттанды (ФОТО)

«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы қайырымдылық акция бойынша ел аралауға аттанды (ФОТО)

1 Қараша, 2016 14:37
Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіз Қазақстан» Пойызы» атты республикалық акция басталды, шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналып отыр. Акцияны Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова ашты.

Г.Әбдіқалыова айтқандай, республикалық әлеуметтік акцияның мақсаты Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  төрағалығымен Тәуелсіздіктің  25 жылдығынада жеткен жетістіктері мен халық бірлігі, қоғам біртұтастығының үлгісін көрсету, сондай-ақ, мәдени және қоғамдық шараларды өткізу, медициналық, әлеуметтік және  қоғамдық қызмет көрсету болып табылады.

«Қоғам, мәдениет, мемлекеттік орган өкілдері мен ҚХА өкілдеріне аталмыш шараны ұйымдастырғаны үшін алғыс айтамын. Меніңше, акция халықты медициналық қамтуға, әлеуметтік сала мен мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», - деді Г.Әбдіқалықова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы  43 күн ішінде 35 елді мекенге барып, жұмысын Алматыда  14 желтоқсанда аяқтайды. Пойыз барлық әлеуметтік топтарды қамтиды,  халықтың аз қамтылған бөлігі мен ҰОС ардагерлеріне, шалғай ауыл тұрғындарына ерекше көңіл бөлінеді.

Пойыз  құрамында ҚР Парламент депутаттары, ҚХА мүшелері,  мәдениет және спорт өкілдері, медицина қызметкерлері,  әлеуметтік сала қызметкерлері бар.  Медқызметкерлер  пациенттерді қабылдап,  консультациялық қызмет көрсетеді.

«Тәуелсіз Қазақстан» Пойызы» республикалық акциясы  - Тәуелсіздіктің  25 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралардың бірі.

Акция аясында  ҚХА қоғамдық келісім кеңестерінің қабылдауларында, «Нұр Отан» партиясында Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының  қатысуымен  консультациялар өткізілетін болады.

ҚХА қайырымдылық акциялары: «Қазақстан халқы Ассамблеясының дарыны –  ауылдық, аудандық  елді мекендердің  кітапханаларына кітаптар топтамасын беру қарастырылған.

«Қайырымдылық керуені» - балабақшалар мен жасөспірімдер  үйіне бару.  Үздік шығармашылық  ұжымдар мен ел өңірлерінің талантты жастарының қатысуымен концерттер өткізу қарастырылған.

Ботагөз Айтжанова

Сурет: Бауыржан Жуасбаев

Барлық жаңалықтар