• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан медицинасы халықаралық стандартқа сай болуы керек – Әлібаев (ФОТО)

Қазақстан медицинасы халықаралық стандартқа сай болуы керек – Әлібаев (ФОТО)

1 Қараша, 2016 16:32
Қазақстан медицинасы халықаралық стандартқа сай болуы керек, деді баспасөз мәслихатында «СК-Фармация» ЖШС- і Басқарма Төрағасы Нұржан Әлібаев.

«Қазіргі уақытта, еліміз ДСҰ-ға кіруіне және ЕАЭО-ның ортақ нарығына байланысты басты назары елінің медицинасы халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аударылады. 2016 жылы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы басталды. Бағдарлама медициналық қоғамның алдына қазақстандықтардың денсаулығын нығайту бойынша міндеттер қойды», - деп хабарлады Н.Әлібаев.

«Осыған байланысты, таяу жылдарға саланы реформалаудың ең басым міндеттерінің бірі: Ұлттық дәрілік саясаты шеңберінде денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді сондай-ақ, медициналық техниканың лизинг жүйесін  жетілдіру болады», - деді Әлібаев.

Ұлттық дәрілік саясатын тиімді іске асыру және медициналық техниканы сатып алу жүйесін жетілдіру үшін мемлекеттік органдарының басшылары, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, қауымдастықтар, отандық және шетелдік фармацевтикалық өндірушілер өкілдерінің қатысуымен фармацевтикалық секторды дамыту жөнінде өзекті мәселелерді талқылау алаңын құру маңызды.

Астана қаласында 13-ші Қазақстандық халықаралық «AstanaZdorovie» - 2016 көрмесі шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі "СК-Фармация" ЖШС мен «ҚазМедТех» АҚ бірлесіп «Қазақстан Республикасындағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы. Заманауи беталыстар» тақырыбында халықаралық конференцияны өткізеді.

 

Барлық жаңалықтар