- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Парламенті 2017 жылы 33 заң жобасын қарайды
Қазақстан Парламенті 2017 жылы 33 заң жобасын қарайды
«Әділет министрлігі «Нормативтік актілер туралы» Заңның және Үкімет Регламентінің талаптарына сәйкес, Үкіметтің 2017 жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспарын құрды. Жоспар жобасында 33 заң жобасын әзірлеу және Парламентке енгізу көзделеді», - деп мәлімдеді министр.
Бірінші тоқсанда - 10, екінші тоқсанда – 9, үшінші тоқсанда – 10 және төртінші тоқсанда 4 заң жобасын Үкіметке енгізу көзделген.
«Заң жобаларын Парламентке екінші тоқсаннан бастап енгізу жоспарланып отыр. 2017 жылдың бірінші жартысында Мәжіліске 15 заң жобасы енгізіледі, қалған 18 заң жобасы сәйкесінше үшінші және төртінші тоқсандарда енгізілмек.
Жоспар жобасын дайындау кезінде Мемлекет басшысының тапсырмалары, Үкіметтің нұсқаулықтары және Заң шығармашылығы жұмысының 2016-2021 жылдарға арналған тұжырымдамалық жоспарының ережелері ескерілген. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін 12 заң жобасын әзірлеу көзделген, ал Үкімет басшылығының тапсырмалары негізінде 4 заң жобасы әзірленеді», - деп түсіндірді министр.
Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамалық актілерге де өзгерістер енгізу болжануда. Бұл агроөнеркәсіп кешені, ақпарат және коммуникациялар, әкімшілік құқық бұзушылықтар және басқа салалар.
Жалпы, алдағы жылда мемлекеттік органдар 23 саладағы заңнаманы жетілдіруді жоспарлауда.
Индира Қауметова
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты