• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада көппәтерлі тұрғын үй қоры басқармасының жаңа тұжырымдамасы таныстырылады

Астанада көппәтерлі тұрғын үй қоры басқармасының жаңа тұжырымдамасы таныстырылады

6 Желтоқсан, 2013 16:56
9 желтоқсанда ТКШ Ұлттық Палатасы мен Қазақстан құрылысы Қазақстанның Азаматтық Альянсы «ТКШ Жаңғырту бағдарламасы: мәселелері, жауаптары мен ұсыныстары» атты республикалық конференциясын өткізеді, деп хабарлайды ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Өнеркәсіп комитетінің баспасөз қызметі.

Конференцияның мақсаты – Қазақстандағы ТКШ мәселелерін талқылау, оларды шешу жолдарын қарастыру және саланы жаңғыртудың бұдан арғы ұсыныстарын анықтау», - делінген хабарламада.

«Конференцияда көппәтерлі тұрғын үй қорын қолданысқа беру мен басқарудың жаңа тұжырымдамасы таныстырылады. Ол халықаралық тәжірибе мен тиімділік әріптестігін құрудың қазақстандық моделі үлгісіне негізделген», - деп нақтылайды ведомство хабарламасы.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы ТКШ саласында Сертификациялау орталығы құрылды. Ол басқарушы компанияларының жетекшілерінің ұсынылған біліктілік талаптарына сай келу деңгейін анықтауға мүмкіндік берді. Осыған орай нормативті құжатқа сай келу жағынан тіркеу бойынша бағдарламалық өнім дайындалды.

Сонымен қатар, конференцияда тиімді әріптестік құру, энергоүнемдеу құрылысы мен жарықтандыру мәселелері талқыланатын болады.

Барлық жаңалықтар