Қазақстанда мұнай алу коэффицентін 60 пайызға жеткізу жоспарланған

1 Қараша, 2016 11:34
Қазақстанда ұзақмерзімді перспективада мұнай алу коэффицентін 60 пайызға жеткізу жоспарланған. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы  мұнай коэффицентін ұлғайтуды тапсырып отыр. Бүгінде  мұнай өңдеу дамыған  Норвегия  және Солтүстік теңіз   сынды  елдерде  коэффицент  55-60  пайызды құрап отыр. Қазақстанда бұл аталым бойынша орташа көрсеткіш  30-35  пайызды құрап отыр. Сондықтан біздің министрліктер  технологиялармен жұмыс істеп,  МАК-ты  55-60 пайызға ұзақмерзімді перспективада жеткізуге жұмыс істеп жатыр.  Қысқамерзімді перспективада  5-7-10 пайызды қосуымыз керек», - деді М.Мырзағалиев.

Вице-министр атап өткендей,  Қазақстанның кен орындарында мұнай беруді  ұлғайту әдістері  суды тарту технологиясы,  ұңғымаларды бұрғылау,  ұңғымалардың  бу-жылу өнімдерін қолдану болып табылады.

«Әлемдік тәжірибені зерттей отырып, полимерді сору  және химиялық әрекетті қолдану  бойынша  өндірістік енгізу қажеттігі дәлелденді. Кен орындарында полимерерді  тарту арқылы мұнай алу суды  4 пайызға азайтып,  мұнайды 47 пайызға дейін бөлуге мүмкіндік береді. Сарапшылардың айтуынша,  Қызылорда облысының Нұралы кен орнында  мұнай алу коэффицентін  10 пайызға дейін арттыруға болады. Жалпы,  полимерлерді   қолдану МАК  7 пайызға ұлғайтады», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар