- Басты
- Жаңалықтар
- ҚТЖ: Азия-Еуропа бағытындағы контейнерлер көлемі 5 жылда 100 есеге өсті
ҚТЖ: Азия-Еуропа бағытындағы контейнерлер көлемі 5 жылда 100 есеге өсті
«Компания қазіргі таңда көліктік – логистикалық жобаларды жаңғыртумен айналысып жатыр. «Боржақты-Ерсай», теміржолының құрылысы, Құрғақ порт «Қорғас-Шығыс Қақпасы» АЭА аймағындағы жөндеу жұмыстары аяқталды», - деді ол.
Қ.Алпысбаев атап өткендей, жыл соңына дейін Құрық және Алматы-шу желісінің алғашқы жіберу пункті іске қосылады.
2011 жылдан бастап Компания жылдам контейнерлік пойыздар сервисін іске қосқан. 2016 жылы Азия-Еуропа бағытындағы контейнер тасымалының көлемі 2011 жылғы деңгейден 100 есеге артық көрсеткішті көрсетеді. 2020 жылға қарата қазақстандық құрғақ жүк тасу және паром флоты 20 бірлікке дейін жеткізіледі, бұл теңіз тасымалындағы қазақстандық үлесті 40%-ға дейін (жылына 2,8 млн тонна) арттыруға мүмкіндік береді.
«Қытай-Еуропа дәлізін дамыту аясында ресейлік және беларусьтық темір жолдармен бірлесіп, 2014 жылы Біріккен көлік-логистика компаниясы құрылды. Сонымен қатар, Солтүстік-Оңтүстік дәлізі бойынша транзиттік тасымалдарды дамытудың белсенді жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған дәлізді дамыту аясында біздің серіктестермен бірге бірыңғай тарифтік мөлшерлемелерді бекіту жұмыстары атқарылды. Биыл Иву-Тегеран контейнерлік пойызы іске қосылды», - деп хабарлады Қ. Алпысбаев.
Компания жетекшісінің айтуынша, жүзеге асырылған жұмыс 2016 жылы Қазақстанды халықаралық логистикалық рейтингте 160-тың ішінен 88-орыннан 77-орынға көтерілуге мүмкіндік берді, бұл ТМД елдері арасындағы ең үздік көрсеткіш.
«Біздің 2020 жылға дейінгі міндетіміз үздік логистикалық климаты бар 40 елдің қатарына кіру. Осы орайда, көлік-логистика инфрақұрылымын әрі қарай дамыту; «Бір терезе» қағидасы бойынша кедендік және өзге де органдармен өзара әрекеттесу; аралас жүк тасымалдарының көлемін кеңейту; тасымал кезінде ақпараттық технологияларды пайдалануды жетілдіру; кедендік мағлұмдау үдерістерін автоматтандыру есебінен Логистика тиімділігі индексінде Қазақстан позициясын жақсарту бойынша шаралар қарастырылуда», - деп сөзін түйіндеді Қ. Алпысбаев.
Индира Кауметова
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Ә.Ерғалиев: Ел экономикасы 2,7%-ға өсті -
ҚТЖ: Астық, көмір, мұнай және шөп тасымалдау мәселелері -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Машина жасау: Автомобиль құрастыру, металл өнімдері және өндіріс көлемі -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен