2022 жылы 7 мың шақырым республикалық жол ақылы болады – ИДМ

1 Қараша, 2016 10:49
Қазақстанда 2022 жылға қарай 7 мың шақырым республикалық жол ақылы болады, деді Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында.

Ол айтып өткендей, Қазақстанда ақылы жолдардың тарифі шақырымына  1 теңге, ол көршілес жатқан елдерден  төмен.

«Астана – Щучье автожолында  тәулігіне   8 мың автокөлікті жбереміз.   Оның  30 пайызы жеңіл көлік,  1 шақырымға  1 теңге болып отыр. Қалған қысым  жүк көліктеріне   шақырымына  15 теңге болады. Әрекеттегі тариф көрші елдерге қарағанда арзан. Атап айтсақ, Ресейде жеңіл көлік  өтуі 5 теңге, ҚХР-да 15 теңге, жүк көлігінің тарифі 50 теңге болып отыр. Осы тарифтің өзінде  біз жылына  1,2-1,3 млрд теңге жинап отырмыз.  Ол аталмыш жолдың барлық шығынын жауып отыр», - деді Ж.Қасымбек.

Астана-Щучье жолы үлгісінде мемлекеттік бюджет шығынын азайту мақсатында республиканың жаңғыртудан өткен  жолдарында аталмыш жүйені енгізу жоспарланып отыр. Аталмыш шаралар 2020 жылға қарай  ақылы жолдар есебінен  33 млрд теңгені жинауға мүмкіндік береді.

«2022 жылы біз 7 мың шақырым республикалық жолды ақылы жүйеге өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Барлық жаңалықтар