- Басты
- Жаңалықтар
- Елордалық жұмыс берушілер үшін мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленді
Елордалық жұмыс берушілер үшін мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы белгіленді
Қалалық билік елордалық жұмыс берушілер үшін мүгедектерге арналған жұмыс орындарына квоталар белгілеуді қаулы етті. Бұл туралы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында мәлім болды. Отырыс барысында 5 нормативтік құқықтық актінің жобасы қаралды.
«Астана қаласындағы жұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы» жобасы жайлы Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры Олжас Омар баяндама жасады. Қаулы жобасымен мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыс орнымен қамтамасыз ету қарастырылған.
Егер ұжым құрамында елу және одан да көп адам есепте болса, онда мүмкіндігі шектеулі жандардың саны 2%-ды құрауы қажет. 101-ден 250 адамға дейін - жұмысшылардың тізімдік санының 3%-ы мөлшерінде, егер кәсіпорын ұжымы 251 адамнан жоғарыны құраған жағдайда, мүгедектерге арналған жұмыс квотасы жұмысшылар санының 4%-ын құрайды.
Сонымен қатар, жобада астаналық жұмыс берушілерге жұмыс орындарын ұсыну қажет болатын тұлғалардың санаты көрсетілді. Олардың арасында бас бостандығынан айыру орындарынан босаған пробация қызметінің есебінде тұратын адамдар да бар. Жұмыс квотасы жұмыс орнының жалпы санының 1% мөлшерінде белгіленді.
Жастарды жұмыспен қамту мәселесі көрсетілді. Кәсіпорын басшылары білім беру ұйымдарының бітірушілері болып табылатын, ата-анасынан айрылған немесе кәмелеттік жасқа жеткенше олардың қамқорлығынсыз қалған жастар арасынан азаматтарды жұмыспен қамту үшін жұмыс орнының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу қажет.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет