- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында Тәуелсіздік құрметіне 25 балабақша ашылады
Алматы облысында Тәуелсіздік құрметіне 25 балабақша ашылады
Мерекенің негізгі бағдарламасына қосымша айтулы күнге айшықты реңк беретін 25 ірі шара облыс тұрғындарына ерекше сый болмақ. «25 жұлдызды күн» 21 қарашадан басталып, 15 желтоқсанға дейін жалғасады, деп хабарлады Алматы облысының әкімдігі.
Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Р. Алпысбаевтың айтуынша, мерейтойлық шаралар әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық салаларын қамтиды. Атап айтқанда, жұлдызды күндер аясында замануи кәсіпорындардың ашылуы, жаңа жұмыс орындарының құрылуы, түрлі қайырымдылық шаралары, тұрғын үйлерді және басқа да әлеуметтік маңызды нысандарды пайдалануға беру, спорттық жарыстар, кітаптардың, деректі фильмдердің тұсаукесерлері және басқа да шаралар бар.
«25 жұлдызды күннің» аса ірі оқиғасының бірі ретінде бір күнде 25 балабақшаның қатар ашылуын атап өтуге болады. Олардың барлығы да мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде салынған.
Тағы бір маңызды шара облыстың 25 елді мекеніне көшпелі «Скрининг» шығып, медициналық қызмет көрсететін болады.
Облыстың 75 елді мекенін қамтитын «Жібек жолы» қайырымдылық шарасы да ерекше болмақ. Акция асында Сүйінбай атындағы облыстық филармония мен Б. Римова атындағы драма театрының, «Талдықорған әуендері» ансамблінің әртістері гастрольдік сапарға шығады, - дейді Р.Алпысбаев.
Мерейтой қарсаңында жаңа пәтер кілттерін салтанатты жағдайда табыстау шаралары да ұйымдастырылып, Талдықорған қаласында 168 пәтерлі жалдамалы үй пайдалануға берілсе, Талғар қаласында жаңа 64 пәтердің иесі қуанышқа кенелмек.
«Талдықорған – бақ қала» акциясының жалғасы ретінде облыс орталығында 25 мың түп ағаш отырғызылады. Талантты жастар 25 күй орындап, бір мезетте 25 тақтада шахмат ойналады.
Сонымен қатар Қарасай, Қаратал, Кербұлақ аудандарында 3 мектеп ашылса, ғарышкер Айдын Айымбетовпен жұлдызды гид өткізіледі.
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Бекшин: Алматыда Covid-19-дың өршу шыңы 10-12 тамызда деп болжанып отыр -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Алматының дамуы: Эпиджағдай, денсаулық, білім, тұрғын үй саласы және инвестиция -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр