В.Балакришнан: Қазақстан – ОА-дағы экономикалық даму көшбасшысы

1 Қараша, 2016 09:12
Қазақстан – Орталық Азия аймағындағы экономикалық даму көшбасшысы, деді Сингапурдың сыртқы істер министрі Вивиан Балакришнан ҚР-ның Сингапурдағы елшісі Үсен Сүлейменмен кездесу барысында.

СІМ-де хабарлағандай, кездесу барысында дипломаттар  Қазақстан мен Сингапур арасындағы  саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Қазақстандық  дипломатты қарсы ала отырып В.Балакришнан  Қазақстан Республикасын Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтады.

Тараптар екі ел арасындағы қарым-қатынас соңғы уақытта жаңа дәрежеге шыққанын, оған әсер еткен  Сингапурдың бұрынғы премьер-министрі, Құрметі аға министр Го Чок Тонгтың  2016 жылдың қыркүйегінде Астанаға келуі екенін айтты.

Қазақстан елшісі Сингапурдың сыртқы істер министрін Қазақстан дамуының негізгі бағыттары туралы ақпараттандырды, оның ішінде елде жүзеге асырылып жатқан бес институционалдық реформа  мен «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылуы, «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық және «Астанада халықаралық қаржы орталығын құру» мәселелерімен таныстырды.

Елші министрге  2015 жылдың  16 шілдесінен бастап Қазақстан біржақты тәртіпте сингапурлық азаматтарға  15 күндік визасыз режим орнатылғанын айтты.

Өз езегінде, Сингапурдың сыртқы істер министрі Қазақстанның халықаралық аренадағы  жетістігі мен ел ішіндегі реформалардың өткізілу деңгейін жоғары бағалап, Қазақстан – Орталық Азия аймағындағы  экономикалық даму көшбасшысы екендігін айтты.

Барлық жаңалықтар