• Басты
  • М. Бочарников: Ұлтаралық достық дәстүрлері қазақстандық сипатта терең орналасқан

М. Бочарников: Ұлтаралық достық дәстүрлері қазақстандық сипатта терең орналасқан

31 Қазан, 2016 19:54
Ұлтаралық достық дәстүрлері қазақстандық сипатта терең орналасқан, деп санайды Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников.

«Ұлтаралық достық дәстүрлері қазақстандық сипатта терең орналасқан. Біз осы сезім тәрбиеленген кеңес үкіметі уақытын білеміз, осы сезім практикада пайда болған Ұлы Отан соғысы біздің есімізде. Дәл осы көпұлтты бірлік Қазақстанның кеңес үкіметі кезеңінің өзінде қуатты өнеркәсібі, дамыған ауыл шаруашылығы, дамыған мәдениеті, театры, кинематографы бар ең дамыған кеңес одағы республикаларының біріне айналуына ықпал етті», - деді М. Бочарников «Н. Назарбаевтың моделі: бейбітшілік пен келісімнің 25 жылы» атты ғалымдар мен сарапшылардың халықаралық форумында.

Дипломаттың айтуы бойынша, осы негізде 25 жыл бұрын Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан кейін ұлтаралық келісім моделінің арқасында сенімді түрде дами бастады. Осы ретте елші Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ерекше атап өтті.

«Қазақстан осы модельді пайдалана отыра, өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында, халықаралық беделін нығайтуда нәтижелерге қол жеткізе алды. Осы жылдар ішінде Н. Назарбаев ұсынған еуразиялық интеграция іс жүзінде іске асырылды. Қазақстанның бүгінгі таңда бейбітшілк пен келісімді нығайтуда жасап жатқан істері өте маңызды. Біз осы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды сессиясы өткенін, онда Қазақстан Президенті Қазақстанның көпұлтты халқын одан әрі дамыту мен нығайту идеяларын атап өткенін барлығымыз білеміз. Бұл кез келген мемлекет үшін аса маңызды шара және Ресей де, көпұлтты мемлекет бола тұрып, көрші Қазақстанда осы тұрғыда не жасалып жатқанын үлкен қызығушылықпен бақылауда»,  -  деп мәлімдеді М. Бочарников.

Сонымен бірге, дипломат Қазақстаннан үлкен делегация келесі айдың басында Ресейге баратынын және дәл осы айдың бірінші жартысында ұлтаралық және конфессияаралық келісім саласындағы Қазақстан тәжірибесімен алмасуды жоспарлап отырған ұлттар істері жөніндегі федералды агенттік делегациясы да келетінін хабарлады.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар