- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуде 1,5 мыңға жуық әскери қызметші қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді
ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуде 1,5 мыңға жуық әскери қызметші қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді
Баспасөз концеренциясы барысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов патрульдік-бекет қызмет нәтижесінде қала көшелеріндегі заң бұзушылықтар өткен жылдармен салыстырғанда 38,9 %-ға төмендегенін айтты.
Жедел мақсаттағы бөлімдер Ішкі істер органдарымен бірлесіп, еліміздің 19 қаласында қоғамдық тәртіпті күзетеді. Патрульдік қызметті атқаруға күн сайын 5000-нан аса әскери қызметші жұмылдырылады. «Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік күзетіне қатысты міндеттерді сапалы орындау үшін, сондай-ақ алдымызда келе жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында елордамызда жедел мақсаттағы жеке құрама жасақталды. ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу кезеңінде жеке құрамнан қызметке түсетін әскери қызметшілер саны 1,5 мыңға жуықтайды. Ал 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы өткізу кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге жеке құрамнан 1200 әскери қызметші қатыстырылмақ», - деп мәлімдеді генерал-майор М.Сатов.
ІІМ ҚАЖК түзеу мекемелерін күзету жөніндегі әскери бөлімдер еліміздегі түзеу мекемелерін сенімді күзетіп келеді. Сонымен қатар, ҚР Жоғарғы және Әскери соттарындағы сот отырыстарын да қамтамасыз етуде.
Терроризм және экстремизммен күресте, мемлекет мүддесіне, азаматтардың денсаулықтары мен өміріне аса қауіп-қатер төндіретін заңбұзушылықтарға қарсы күресте «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің алар орны ерекше. Тек қана ағымдағы жылдың 9 айы ішінде олар 1304 жауынгерлік қызмет міндеттерін, сонымен қатар тұрақты орналасқан жерлерінен тыс жерде 798 міндетті абыроймен орындады.
2014-2015 жж аралығында әскердің жеке құрамы 38 рет төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысты. Осы уақыт ішінде еліміздің 50-ден астам елдімекенінде апаттық-құтқару және жедел көмек жұмыстары жүргізілді. Үстіміздегі жылы Ұлттық ұлан ТЖ салдарын жою бойынша 12 рет жұмылдырылды.
Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің арнайы операцияларды орындау кезіндегі ату мүмкіндіктерін арттыру мақсатында қару-жарақтың жаңа түрлері, заманауи оптикалық және электронды-оптикалық құрылғылар алынуда. Әскери қалашықтардың лаңкестікке қарсы қауіпсіздігі үшін 2017 жылы «ПЗТМ» акционерлік қоғамынан (Петропавл қ.) «Ұлан» күзеті техникалық құралдар жүйесінің мамандандырылған кешенін сатып алу жоспарланып отыр.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді