• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е. Есқалиев: Қазақстан «Жібек жолы» жобасы аясында сапалы транзиттік сервис әзірлеуі тиіс

Е. Есқалиев: Қазақстан «Жібек жолы» жобасы аясында сапалы транзиттік сервис әзірлеуі тиіс

31 Қазан, 2016 15:32
Қазақстан «Жібек жолы» транзиттік жобасында барынша сапалы сервис жасауы тиіс. Бұл жөнінде «Жібек жолы» халықаралық логистика және бизнес институтының қамқоршылық кеңесінің мүшесі Ерхат Есқалиев «Еуразиялық геосаясат: түйіндесуден ынтымақтастыққа» атты халықаралық конференция барысында айтты.

«Бүгін Қазақстан мен Қытайдың өзара қарым-қатынастары қарқынды дамып келеді, яғни нақты жобалар, мәселелер бар, шешілмеген мәселелер де бар. Бұл жобаның мәні – кез келген елдің экономикалық жетістігінің негізі болып табылатын сауда. Еуропа, Ресей және Қытай сияқты ірі тұтынушылардың арасында бола тұрып, Қазақстан бұл жағдайда қарапайым рөл атқарады, БАӘ, Сингапур сияқты транзиттік ел болып табылады. Осылайша, сарапшылардың бағалауы бойынша, ҚР аумағы арқылы өткізілетін тауар триллионға жетуі мүмкін», - деді Е. Есқалиев.

Ол Қазақстанның экспорт мақсатында «Бір жол» жобасын қарастыратынын атап өтті. Оның айтуы бойынша, оған «Нұрлы жол» аясында құрылған көлік айырықтарының дамуы ықпал етеді.  

Сондай-ақ, Е. Есқалиев тиісінше бастап, одан әрі жұмыс істеу үшін инфрақұрылым сапасы, мерзімді бақылау, кеден бекеттерін ұйымдастыру, логистика құзыреті кіретін жоғары сервис жасау қажеттігін қосты.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар