- Басты
- Жаңалықтар
- Е.Ыдырысов ҚР Президентіне Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі аясындағы жұмыстарға әзірлік барысы туралы баяндады
Е.Ыдырысов ҚР Президентіне Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі аясындағы жұмыстарға әзірлік барысы туралы баяндады
Кездесуде Е.Ыдырысов Мемлекет басшысына 2017 жылғы қаңтарда басталатын Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі аясындағы жұмыстарға әзірлік барысы туралы баяндады.
Елбасы сыртқы саяси қызметті атқару кезінде республика тәуелсіздігінің 25 жылдығына баса назар аудару қажеттігін атап өтті.
«Елдің халықаралық аренадағы беделін арттыру үшін елшілеріміз 25 жылда қол жеткізген жетістіктерімізді, соның ішінде Қазақстанның республикадан тыс жерлердегі бейбітшілік пен тыныштықты сақтау ісіне қосқан үлесін шетелдік қоғамдастыққа көрсетуге тиіс», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы елімізге шетелдік ресми делегациялардың келуінің маңыздылығын айтты.
Қазақстан Президенті алдағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік аясында өткізілетін іс-шаралардың басымдығы бар бағыттарына тоқталып, бұл мәртебелі міндет әлемдік қоғамдастықтың айрықша сенімінің көрінісі болып саналатынын жеткізді.
Сыртқы істер министрі Қауіпсіздік Кеңесіндегі қызметке дайындық белсенді түрде жүргізіліп, тұрақты комитеттерге басшылық жасау міндеттерінің бөлініп беріліп жатқанын мәлімдеді.
Бұдан бөлек, Е.Ыдырысов республика тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында аса мәртебелі меймандар қатысатын халықаралық конференция өткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстан Президентін алдағы халықаралық іс-шаралар, соның ішінде басым бөлігі «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуге байланысты болатын шаралар туралы хабардар етті.
Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
ІІМ: Балалардың жолдағы қауіпсіздік шаралары -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды