Қазақстандық оқушылардың ғылыми жобасы Бразилияда алтын алды (ФОТО)

31 Қазан, 2016 20:41
Қазақстандық оқушылар бразилиялық Порту-Алегри және Нову Гамбург қалаларында өткен халықаралық ғылыми жұмыстар байқауында алтынға ие болды, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Байқау халықаралық «Mostra Internacional de Ciência e Tecnologia» (Mostratec)  31-ші білім беру көрмесі  аясында өткізілді. Сондай-ақ, шара аясында техникалық білім беру  бойынша халықаралық семинар, робототехника фестивалі, өңірлік кітап көрмесі мен мәдени, спорт шаралары өтті.  

«Mostratec»  көрмесінің мақсаты оқушыларды жаратылыстану ғылымына тарту,  ғылым мен техника саласындағы шығармашылық қызметке баулу болып табылады.

Астана, Алматы, Атырау қалалары мектептерінің  26 оқушысы  Бразилия, АҚШ, Қытай, Аргентина, Босния, Герцоговина, Чили, Колумбия, Дания, Нидерланд, Үндістан, Индонезия, Италия, Мексика, Парагвай, Перу, Португалия, Туниса, Түркия және Уругвай елдерінің оқушыларымен бақ сынасты.

Қорытындысында 14 қазақстандықтың жұмысы ақтық мәреге шықты. Байқаудың қорытындысы бойынша  Дарын Адамов, Даурен Әбылқасым және  Мехмет Фатих Дилекджи алтынға, Алдияр Есеналиев, Рахымжан Куаныш, Аскар Делманов, Мухамеджан Жалгасберген, Ақселеу Алимжанов, Уали Жүнісов және Ислам Каримов күміске, Сұлтанбек Арыстанбек, Диас Оспанов, Ақбар Тұрсынбаев қолаға ие болды.

 

 


 

Барлық жаңалықтар