Масс-медианың маңызы әлемдік геосаяси салада артып келеді - СІМ

31 Қазан, 2016 16:12
Армениядағы Қазақстан Елішілігінде Арменияның бұқаралық ақпарат құралдарының жетекшілері және бас редакторларымен елші Тимур Оразаевтың кездесуі өткізілді.

Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Армения арасындағы ақапараттану саласындағы ынтымақтастық келешегі туралы және қазіргі халықаралық өмірдегі өзекті  ақпараттық трендтер барысында пікір алысты.

Шақырылған қонақтарды қошаметтей отыра, Елші Арменияның БАҚ өкілдерін осы елдің тәуелсіздігіне 25 жыл толуымен құттықтап, бұл мерейтойдың биылғы жылда өзекті ақпараттық басты  себеп  болғанын  атап өтті. Сонымен қатар ақпараттық құралдардың қазіргі кезеңдегі негізгі рөлін атай отыра, саяси-қоғамдықөмірдегі, әрі әлемдік геосаясаттағы маңызды орыны туралы айтып өтті.

Кездесуге қатысушыларды Қазақстанның қоғамдық және саяси өміріне себепші ақпараттық басты бастамалармен таныстырып, оның ішінде Ұлттық Жоспарымыз «100 нақты қадам» ұлт жоспарының орындалу жүрісін, бұған қоса еліміздің Тәуелсіздігінің 25- жылдығына орай өткізілетін іс-шаралармен, Астанада өткелі отырған «ЭКСПО-2017» көрмесінің дайындықтарымен таныстырды. Халықаралық бағдарламалар арасында Қазақстанның ұсынған бастамаларымен, соның ішінде «Әлем.XXIғасыр» Манфесімен және БҰҰ қамқорлығы аясындағы Ғаламдық лаңкестікке қарсы коалициясын (жүйе) құруға шақырған ақпараттармен таныстырып өтті.

Армяндық БАҚ өкілдері өз тараптарынан болмыш елдегі ақпараттық саясат пен басымды бағыттар туралы ойларын ортаға салды. Олар Елшілікпен БАҚ өкілдері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, елдегі маңызды ақпараттарды анонстап, қоғамдық-саяси және сарапшылар топтар арасындағы кездесулерді тұрақты өткізу керектігін айтып, Қазақстанға түрлі тақырыптардағы баспа-турларды ұйымдастыру тәжірибесін қуаттау керектігін баса айтты. Қазақстан Елшісі осы кездесуге қатысушыларды елімізде тұрақты түрде өткізілетін Еуразиялық медиа форумы алаңын белсенді түрде қолданып, шетелдік әріпетестерімен ақпаратық айналыс жұмысын жаңғыртуға шақырды.

Кездесуді қорытындылай келе қатысушылар Қазақстан мен Армения арасындағы оқиғаларды шындық пен жариялауға, тек ел ішінде ғана емес, сыртқы саясатты да әділдікпен ақпараттандыруға, осы сенімділіктің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың кепілі болатынына, оның өзара тиімді табыстарға әкелетіндігіне бірауыздан келісті.


 

Барлық жаңалықтар