- Басты
- Жаңалықтар
- АЭХА миссиясы Қазақстан Республикасының ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жүргізуде
АЭХА миссиясы Қазақстан Республикасының ядролық инфрақұрылымына кешенді шолу жүргізуде
Делегация басшысы АЭХА Атом энергетикасы департаменті Ядролық энергетика бөлімінің директоры – доктор Дохи Хан (Dohee Hahn). Сондай-ақ делегацияның құрамына АЭХА-ның штаттық қызметкерлері және шақырылған халықаралық сарапшылар кіреді, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
ИНИР миссиясының мақсаты – ядролық-энергетикалық инфрақұрылымының даму мәртебесін анықтау кезінде АЭХА-ға мүше мемлекетке көмек беру болып табылады. ИНИР, ағылшыннан аударғанда Integrated Nuclear Infrastructure Review «ядролық инфрақұрылымға кешенді шолу» миссиялары – атом энергетикалық бағдарламаны іске асыру үшін қажетті инфрақұрылымды кешенді бағалау. Инфрақұрылымды бағалау сұхбат, объектілерге бару және нормативтік құжаттарды шолу арқылы, сондай-ақ елдің өзін-өзі бағалауы бойынша есепке сүйене отырып, 19 өлшем бойынша (ұлттық ұстаным, ядролық қауіпсіздік, қаржыландыру және т.б.) жасалады.
Бір апта ішінде ИНИР миссиясы атом энергетиканы дамыту бөлігіндегі Қазақстанның атом инфрақұрылымының жай-күйін зерттейтін болады. Миссия жұмысына ҚР Энергетика министрлігі, ведомствоға бағынысты ұйымдар («ҚР Ұлттық ядролық орталығы» РМК, «Ядролық физика институты» РМК), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ және «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығының өкілдері қатысады.
АЭС қауіпсіздік жүйесі және құрылысын қаржыландыру, заңнамалық-құқықтық қорды дамыту, қоршаған ортаны қорғау, электр желілерінің дайындығы, білікті кадрларды дайындауға байланысты мәселелер және т.б. талқыланатын болады.
ИНИР-дің есебін тыңдау және Қазақстанның атом инфрақұрылымының жағдайын жан-жақты зерттеудің нәтижесінде АЭХА сарапшылары ұсыныстары және ұсынымдарымен соңғы есепті береді, бұл Қазақстанның ядролық-энергетикалық инфрақұрылымын дамыту және күшейту жөніндегі ұлттық жоспарды жаңартуға мүмкіндік береді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы