- Басты
- Жаңалықтар
- А.Есімов: ЭКСПО құрылысына Қазақстанның 300 кәсіпорны жұмылдырылған
А.Есімов: ЭКСПО құрылысына Қазақстанның 300 кәсіпорны жұмылдырылған
«Бүгінде Ұлттық компания үшін атаулы күн – көрменің маңызды 5 нысанының құрылысы аяқталды: халықаралық павильондар, 1374 орындық ЭКСПО қалашық, ЭКСПО-кеңсе, ішкі істердің жеке мекемесі мен Энергияны зерттеу орталығы. Бұл нысандардың жалпы көлемі 482 мың шаршы метрді құрап отыр», - деді А. Есімов.
Ол айтып өткендей, жоба күрделі дағдарыстық кезеңде жүзеге асырылып отыр, алайда Елбасының жан-жақты қолдауының нәтижесінде ол дағдарысқа қарсы бағдарламаға айналды.
«Көрменің дайындығы пен құрылысына 300 отандық кәсіпорын елдің барлық өңірінен қатысты. Жоба 50 мың жұмыс орнын сақтауға мүмкіндік берді. Осы құрылыс алаңының өзінде 14 мың адам жұмыс істеуе», - деді А.Есімов.
Компания басшысы айтқандай, құрылыс кезінде 492 млрд теңгенің қызметі жүзеге асырылды.
«Көрменің өзге нысандары бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда. Ол – «Сфера» ұлттық павильон, конгресс-холл және қонақ үй. Келесі жылы қоғамдық алаң мен аймақты абаттандыру жұмыстары жүргізіледі», - деді А.Есімов.
Айта кетейік, халықаралық көрменің ұйымдастырушылары бес елге павильондарын тапсырды: Мажарстан, Германия, Қытай, Түркия, Франция.
Ботагөз Айтжанова
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты