- Басты
- Жаңалықтар
- Алғашқы бес ел ЭКСПО-2017 павильондарын қабылдады (ФОТО)
Алғашқы бес ел ЭКСПО-2017 павильондарын қабылдады (ФОТО)
Мажарстан павильонының ауданы 411,9 шаршы метрді құрайды. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, павильонның «Болашақтың энергиясы баршамызды біріктіреді» атты тақырыбы елдің географиялық, экономикалық ерекшеліктері мен қолжетімді энергия көздеріне негізделген. Павильон су, күн және жел елі болып табылатын Мажарстанның сипатын атап өтіп, электр және қалалық жоспарлау саласындағы ең жаңа қондырғыларды көрсетеді. Сондай-ақ, көрме аясында 2017 жылғы 20 тамыз Мажарстанның ұлттық күні болып белгіленді. Комиссар болып Нандор Картези тағайындалды.
Германиялық павильонның ауданы 1249,5 шаршы метрді құрайды және «Энергияға бастар жолда» деген атауға ие болады. Павильон тақырыбы тұрақты энергияны пайдалану шеңберінде ел тарихы туралы баяндайды, сондай-ақ технологиялық инновацияларды және осы саладағы жетістіктерді көрсетеді. ЭКСПО-2017 аясында германияның ұлттық күні 2017 жылғы 12 шілдеде өтеді. Комиссар - Дитмар Шмиц.
Франция ауданы 1069,1 шаршы метрді құрайтын павильонды алды және оны «Жасыл өсуге арналған энергетикалық бұрылыс» деп атады. Ел «жасыл энергетика» саласындағы өз әзірлемелерін үш кіші тақырыппен ашады: «болашақтың қаласы», «Жаңартылатын энергия» және «Көліктің экологиялық түрлері». Келушілер көрме аясында Францияның ұлттық күнін 2017 жылғы 21 маусымда тойлай алады. Комиссар болып Паскаль Лоро тағайындалған.
Қытай ауданы 1000 шаршы метр павильонды алды. «Жасыл жібек жолы» павильонының ерекшелігі Болашақтың энергиясы арман театры болады, ол ҚХР-дың Жібек жолы бойындағы елдермен, сондай-ақбүкіл әлем елдерімен энергетикалық ынтымақтастығының жаңа ойын көрсетеді. ЭКСПО-2017 көрмесінде Қытайдың ұлттық күні 5 шілдеде өтеді. Комиссар болып Ван Цзиньчжень тағайындалды.
Бүгінгі күні 105 ел мен 17 халықаралық ұйым өздерінің көрмеге қатысатынын растағанын атап өтейік. Көрме павильондарының жалпы ауданы 78 мың шаршы метрді құрайды.
Сурет: Бауыржан Жуасбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді