- Басты
- Жаңалықтар
- СҚО-да 2016 жылдың 9 айы бойынша облыста 131,5 млрд.теңгенiң өнiмi өндiрiлді
СҚО-да 2016 жылдың 9 айы бойынша облыста 131,5 млрд.теңгенiң өнiмi өндiрiлді
Бiрiншi мәселе бойынша индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Жанат Сәдуақасов баяндады. 2016 жылдың 9 айы бойынша облыста 131,5 млрд.теңгенiң өнiмi өндiрiлген, ал физикалық индекс көлемi 100,5%-ды құрады.
2016 жылдың 9 айында былтырғы жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда өндiрiлген өнiм көлемi жоғары, атап айтқанда, азық-түлiк өнiмi 5,9%-ға, сусындар 2,2 есе, жеңiл өнеркәсiп 5,5%-ға, химиялық өнеркәсiп 16,1%-ға артқан.
Өңiр басшысы кәсiпкерлерге қажеттi қолдау көрсетiлуiн тапсырды.
«Әрбiр өндiрiс орнымен жұмыс жүргiзу қажет. Аудан әкiмдерi, өндiрушiлерге қолдау көрсетiлуi керек», — деп атап өттi Ерiк Сұлтанов.
«ЕХРО-2017» көрмесiне дайындық барысы туралы кәсiпкерлiк және туризм басқармасы басшысының мiндетiн атқарушы Құралай Жарова баяндады.
Халықаралық көрменi насихаттау барысында облыс көлемiнде баннерлер, «Ақылды қала» типiндегi автобус аялдамаларында хабарландырулар iлiнiп, Петропавл қаласының көшелерiнде, қоғамдық көлiктерде, кейбiр екiншi дейңгейлi банк филиалдарында жарнамалық аудио және бейнероликтер дыбысталып, көрсетiледi.
«Жергiлiктi «Прогресс» туристiк фирмасы «ЕХРО-2017» көрмесi мен Солтүстiк Қазақстан облысының туристiк нысандарын тамашалауы үшiн Ресей Федерациясының шекаралық облыстарының және өңiр тұрғындарына арнап туристiк бағдар әзiрледi. Аталмыш бағдар көрме қатысушыларына ұсынылатын туристiк бағдарлардың тiзiмiне енгiзiлдi. Бұл туралы мәлiмет Ресей Федерациясының шекаралық өңiрлерiне жiберiлдi», — дедi Құралай Жарова.
«ЕХРО» көрмесiне қатысу үшiн түрлi сала өкiлдерiн қамтитын облыс тұрғындарының тiзiмi жасалуда. Бұдан бөлек, өңiрде ағылшын тiлiн меңгерген ерiктiлердi даярлау жұмысы да белсендi жүргiзiлуде. Жастар бастамалары орталығымен бiрге 120 ерiктi iрiктелiп алынды.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді