- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникаларын несиелеудің жаңа бағыты іске қосылды
Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникаларын несиелеудің жаңа бағыты іске қосылды
«Несиелеудің бұл түрі биыл іске қосылды. Бұл ауыл шаруашылығы техникаларын несие серіктесрі жүйесі арқылы сатып алу әдісі. Жаңа өнімнің ерекшелігі, ол бүгінде отандық екінші деңгейлі банктер арқылы сәтті жүзеге асырылып жатқан автонесиелеудің балама түрі. Бұдан бұрын да несие серіктестіктері арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуға кепілзат арқылы несие берілетін. Бірақ, ауыл шаруашылығында оның ішінде ауыл-аудандарда кепілге байланысты жиі сұрақ туындайтындықтан, біз жаңа өнімді іске асыруды жөн көрдік. Бұл ретте несие серіктестіктері жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы техникалары алғашқы жарна төлеу арқылы несиелендіріледі»,- дейді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарушы директоры Айжан Кенжебаева.
Оның айтуынша, жаңа өнімге қажетті алғашқы жарнаны қолма қол ақша төлеу арқылы немесе сатып алушыға тиесілі жер телімдері, техника, тұрғын үй, көліктерді кепілге қою арқылы қол жеткізуге болады.
«Жаңа несие бағыты қазіргі күні отандық диқандар арасында үлкен сұранысқа ие. Себебі биылғы жылдың 3 ай ішінде бізге техника алу үшін 300 млн. теңгенің өтінімі келіп түскен. Бұл тек тіркелгені ғана, бұдан өзге де көптеген ауылшаруашылығы тауар өндірушілері қажеті құжаттарын жинап жатыр дейді»,- Айжан Кенжебаева.
Ақмола облысы Астрахан ауданындағы «Болашақ» несие серіктестігінің төрайымы Бағила Бұрымбаева, жаңа несиелеу түрі жүзеге асқалы, оған қол жеткізуге ниет танытқандардың қатары күрт көбейген.
«Біз 2003 жылы Ақмола облысында алғашқы несие серіктестіктерінің бірі болып құрылдық. Іргеміз қаланғанына биыл 13 жыл. Сол кезден бері несие серіктестіктері туралы заң талабы бойынша жұмыс жасап келеміз. Бастапқыда серіктестікке 20 адам мүше болса, қазір олардың саны 50 ден асады. Бүгінде жаңадан шығарылған ауылшаруашылық техникаларын несие серіктестіктері жүйесі арқылы несиелеу әдісі өте ыңғайлы дейді»,- Бағила Бұрымбаева.
Ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алу үшін, техника бағасының 20% көлемінде алғашқы жарна төлеу қажет.
«Мен жаңа бағдарлама туралы естіп білдім. Содан кейін маған үш бірлік техникаға дейін алуға болатынын айтты. Бұдан соң мен алғашқы жарнамды құйып, трактор, шөп буатын, және дән себетін техникаға қол жеткіздім. Қазірде жаңа техника маған қосымша күш беріп, өз ісімді өркендете бастадым»,-дейді Ақмола облысы Астарахан ауданындағы қожалық иесі Авхад Акаев
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті