- Басты
- Жаңалықтар
- ҚазАгро 2016 жылғы тоғыз айдың ішінде 226 млрд теңгеден астам қаражатты АӨК қолдауға бағыттады
ҚазАгро 2016 жылғы тоғыз айдың ішінде 226 млрд теңгеден астам қаражатты АӨК қолдауға бағыттады
АӨК қаржыландырудың жалпы сомасының - 183,1 млрд. теңгесі отандық шаруашылықтар мен агроқұрылымдарды несиелеуге, 17,8 млрд. теңгесі – ауылшаруашылық өнімін сатып алуға, 23,8 млрд. теңгесі – АӨК субъектілерін қаржылық сауықтыруға жұмсалады. Жылдың аяғына дейін «ҚазАгро» холдингі саладағы түрлі жобаларды несиелеуге және қаржыландыруға тағы да шамамен 80 млрд. теңге бағыттауды жоспарлайды.
Ұлттық холдингтің инвестициялық қоржыны 530 инвестициялық жобаны құрайды, оның жалпы құны 324 млрд. теңге. Оның ішінде бүгінгі таңда жалпы құны 273,4 млрд. теңгенің 487 жобасы іске қосылды, шамамен 15,5 мың жұмыс орны құрылды. Ағымдағы жылы өндіріске жалпы құны 18.8 млрд.теңгенің 37 инвестициялық жоба іске қосылды, 1068 жұмыс орны құрылды.
Егін егу және жинау жұмыстарын қаржыландыру үшін ағымдағы жылы Холдингке 60 млрд.теңге сомасындағы бюджеттік несие қаражаты берілді, олар Холдингтің еншілес ұйымдары мен екінші деңгейлі банктердің арасында қарыздар түрінде бөлінді. Қазіргі уақытта бөлінген бюджеттік ресурс толық игерілді. Аталған қаражатқа 2141 ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржыландырылды, егістік алаңы 5,3 млн. га.
Жалпы, 2016 жылғы көктемгі-егіс жұмыстарын қолдау шеңберінде Холдингпен барлық қаражат көздері есебінен 72,9 млрд. теңге сомасына 3235 ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржыландырылды. Алынған қаражат аграрларға 6,9 млн. га алаңда егістік науқанын жүргізуге ықпалын тигізді.
Шаруашылыққа қажет агротехникалық іс-шараларды жүргізу үшін лизингке 37,6 млрд. теңге сомасына 1 877 бірлік ауылшаруашылық техникасы берілді.
Жылдың басынан бастап республикалық бюджеттен «ҚазАгро» ұлттық холдингіне 25 млрд.теңге бөлінді. Оның ішінде 9 айдың қорытындысы бойынша 19,8 млрд. теңге игерілді. Бөлінген қаражат Холдингпен қаржы бағдарламаларының кеңейтілген спектрін пайдалану арқылы АӨК дамуын ынталандыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталды, оның қатарында – Несие серіктестіктері арқылы АШТӨ қаржыландыру, аналық ІҚМ басын және қойларды сатып алу.
«ҚазАгро» ұлттық холдингі биылғы жылдың соңына дейін экономикалық өсімді ынталандыру жөніндегі қосымша шаралар шеңберінде бірқатар жобаларды қаржыландыруды бастауды жоспарлайды. Әңгіме АӨК басым салаларындағы экспортқа бағдарланған жобаларды несиелеу, сүт қабылдау пункттерінің желілері мен отбасылық сүт-тауарлы фермаларды, ауылшаруашылық кооперативтерін және бордақылау алаңдарын, жеміс-көкөкніс шаруашылығы жобаларын қолдау туралы.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
COVID-19: АҚШ-та бір аптада млн-нан астам адам коронавирус жұқтырды, Болгарияда шектеу шаралары енгізілді -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты