«Қазақмыс» корпорациясы 9 ай ішінде 163,8 мың тонна мыс өндірді

31 Қазан, 2016 10:14
2016 жылдың 9 айындағы есеп бойынша «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС катодтық эквивалентті есеппен 163,8 мың тонна мыс өндірді. Бұл көрсеткіш өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 3,4 мың тоннаға (+2%). Артық, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Ортақ көрсеткіш бойынша  9 ай бойы алынған кеннің  құрамындағы мыстың  көлемі 0,95% болды, бұл  өткен  жылғы  2015 жылдың  9 ай бойы алынған кендегі мыс көлемінен (0,88%) артық, әрі  жоспарланған көлемнен  де 9 % артық  болды.2016  жылдың  9 айы бойынша Қазақмыстың  байыту  фабрикалары  22,1 миллион  тонна кен  өңдеді.

Биылғы  жылы «Қазақмыс»  корпорациясы ЖШС 224,4 мың  тонна катодтық  эквивалентті  мыс  өндіруді  жоспарлап  отыр.

"Біз биылғы жылдың өндірістік бағдарламаларын уақытылы жүзеге асыруды жоспарлаудамыз. Бұл үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Сонымен қатар қазіргі таңда кәсіпорын мамандары 2017 жылдың инвестициялық және өндірістік жоспарларын жасауда. Келесі жылдың негізгі мәселесі болып, еңбек жағдайын жасау, кәсіпорындардағы келеңсіз жағдайлардын алдын алу және геологиялық барлау жұмыстарын енгізу – деп мәлімдеді «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Бақтияр Қырықпышев.   

 

 

Барлық жаңалықтар