Жамбыл облысында жыл басынан бері 221,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынды

31 Қазан, 2016 10:36
Жамбыл облысында жыл басынан бері 221,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі, қосымша бағалау есебімен 57 741,8 млн. теңгені құрап, 2015 жылдың қаңтар-қыркүйектегі деңгейіне 86,4%-ды құрады. Төмендеу себебі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автобаны нысандары құрылысында құрылыс-монтаж жұмыстар көлемінің азаюына байланысты.

2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 221,1 мың шаршы метрді құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңінің деңгейінен 10,4%-ға артық. Оның ішінде 201,7 мың шаршы метр тұрғын үй халықпен және 11,5 мың шаршы метр - басқа да мемлекеттік емес ұйымдармен тұрғызылды. Инфляция деңгейі 2015 жылдың желтоқсан айына қарағанда 105,8%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары – 4,7%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 6,2%-ға, ақылы қызметтер – 6,6%-ға көтерілді.

Облыста инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен 0,2 пайыздық тармаққа жоғары (ҚР – 105,6%). Бюджетке 51,7 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 121,4%, оның ішінде республикалық бюджетке – 23,1 млрд. теңге (болжамға 119,8%), жергілікті бюджетке – 28,6 млрд. теңге (болжамға 122,7%).

Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2016 жылдың 2 тоқсанына 98834 теңгені құрады, бұл 2015 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда 15,3%-ға артып, нақты – 0,5%-ға төмендеген.

 

 

 

Барлық жаңалықтар