- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында 4,6 млрд теңгеге ИИДМБ-нің 4 жобасы жүзеге асырылды
Жамбыл облысында 4,6 млрд теңгеге ИИДМБ-нің 4 жобасы жүзеге асырылды
Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде 252750,7 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі – 103,9%.
«Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемдерінің 10,5%-ға (26764,6 млн. теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 3,7%-ға (181932,7 млн. теңге) өсуі байқалады. ИИДМБ аясында инвестиция көлемі 18,7 млрд. теңгеге 446 жұмыс орны құрылатын 10 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде құны 4,6 млрд. теңге 235 жаңа жұмыс орны құрылған 4 жоба іске асырылды («ОАҚК» ЖШС Меркі филиалы – шырын тазалайтын цехты қайта жаңғырту, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС – мал шаруашылықтырына қоспажем шығаратын зауыттың құрылысы, «ОңтүстікХалалТағамдары» ЖШС – Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдер өндірісін салу, «KazMiya» ЖШС - Мія тамырын қайта өндеу зауыты). Шикізат емес экспорт тауарларының көлемі 18,4 млн. АҚШ долларын немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 29,4%-ды құрады», - деді Жомарт Әмірханов.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 159297,8 млн. теңгені құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 104,0%, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 85470,9 млн. теңге (НКИ – 106,1%), мал шаруашылығы – 73311,2 млн. теңге (НКИ – 101,7%). Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 8 209,9 млн. теңге субсидия қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттен – 3 182,1 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 5 027,8 млн. теңге. 01.10.2016 жылғы жағдайға 4 538,0 млн. теңге бюджеттік қаражат игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1 221,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 3 316,3 млн. теңге.
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілері саны 57,9 мың бірлікті немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 77,2% құрады.
ҚР Қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2016 жылдың қаңтар-тамызында 144,9 млн. АҚШ долларын немесе 2015 жылғы қаңтар-тамызына 48,6%-ды құрады, оның ішінде экспорт тауарлары – 14,4 млн. АҚШ доллары (14,8%), импорт – 130,5 млн. АҚШ доллары (65,0%).
Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 116,1 млн. АҚШ доллары. Бөлшек сауда айналымының көлемі 147,8 млрд. теңгені құрады, НКИ-99,4% (жоспар - 102,6%). Көтерме сауда айналымы ағымдағы кезеңде 126,2 млрд. теңге сомасында қалыптасып 27,1%-ға төмендеген.
Көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 2015 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 2,7%-ға төмендеп, 62,3 млн. тоннаны құрады. Жолаушылар тасымалдау – 4,1%-ға өсті (713,2 млн. адам). Жүк айналымы – 3,8%-ға төмендеп, 1895,9 млн. тонна-шқ-ды құрады, жолаушылар айналымы – 16,0%-ға өсті (5623,4 млн. жолаушы-шқ). Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 153 510,1 млн. теңгені құрады.
«Бұл 2015 жылдың тиісті кезеңінен 4,2%-ға артық. Өсім Қытайға транзитті магистралды газ құбыры құрылысына, «Еурохим Каратау» ЖШС-і Қаратау қаласында минералды тыңайтқыштарды өндіру химиялық зауыттың құрылысына, «Тараз» Химиялық паркі» АҚ АЭА инфрақұрылымы құрылысына және «Жамбыл Недр» ЖШС-і цемент зауытының құрылысына инвестицияны тарту есебінен қамтамасыз етілді», - Жомарт Әмірханов.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді