• Басты
  • 2016 жылдың 3 тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 141 187 теңгені құрады
31 Қазан, 2016 09:36

2016 жылдың 3 тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 141 187 теңгені құрады

2016 жылғы 3 тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 141187 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі 2015 жылдың тиісті тоқсанына 113,4%, ал нақты жалақы индексі 96,7% құрады, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігі.
2016 жылдың 3 тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 141 187 теңгені құрады

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 326,7 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,3 есеге асты), кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді  қазуда – 313,2 мың теңге (2,2 есеге асты), қаржы және сақтандыру  қызметінде – 254,9 мың теңге (1,8 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 196,3 мың теңге (1,4 есеге асты), көлік және қоймалау саласында – 182,0 мың теңге (1,3 есеге асты) белгіленді.

Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығы қызметкерлерінде белгіленді – 89,4 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 36,7%-ға төмен және білім беру саласында – 87,5 мың теңге ( тиісінше 38,0%-ға төмен).

Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау облысында белгіленді – 279,2 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 2,0 есеге асады. Жамбыл облысында мұның шамасы 94,5 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 33,1%-ға төмен.

 

Барлық жаңалықтар