- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Премьер-Министрі ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысын тексерді
ҚР Премьер-Министрі ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысын тексерді
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көрме нысандары құрылысын уақытылы жүргізу, сонымен қатар, оларды инновациялық әзірлемелермен сапалы түрде толықтыру жөнінде берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы есеп берді, деп хабарлады primeminister.kz.
Премьер-Министрді көрме аймағының аумағын көркейтуде, ішкі әрлеу жұмыстарына және нысандардың қауіпсіздік жүйесіне отандық материалдардың қолданылып жатқандығы туралы хабардар етті.
Конгресс-орталық – халықаралық конгресстер, конференциялар, симпозиумдар, панельдік сессиялар, қойылымдық шоу мен концерттер өткізуге арналған көп функциялы мәдени ойын-сауық нысаны. Нысанда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, телескоптық мінбе мен мобильді аралықты жобалау бойынша технологиялық шешімдер әзірленуде.
Қонақ үй кешені – нысан халықаралық Hilton Worldwide операторының жұмылдырылуымен, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидасымен жүргізілуде. Қонақ үйдің инфрақұрылымы тәуліктік мейрамхананың үлкен және кіші залынан, конференц-залдан, келіссөз жүргізу және кеңсе бөлмесінен тұрады.
«ЭКСПО-қалашық» көппәтерлі тұрғын-үй кешені – 42 тұрғын үйден тұрады, және 1 374 пәтері, көліктің тұрақ орындары мен жерасты паркингі бар.
«Халықаралық павильондар» ғимараты – нысан 57 павильоннан, 6 ұжымдық павильон Дамушы елдерге көмек бағдарламасы аясында бөлінген. Аумағы бойынша ең үлкен дербес павильондар Германия, АҚШ, Корея, Ұлыбритания, Франция және Ресейге тиесілі.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Тоқаев: Өңірлердегі денсаулық сақтау нысандарының жай-күйі көңіл көншітпейді -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
ТЖМ: шомылу маусымы, Риддердегі өрт пен Алматыдағы жер сілкінісінің алдын алу -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
ҚР Энергетикасы: Электронды аукцион мен өткізу процесін жетілдіру және цифрланатын жобалар -
ҚР Денсаулық сақтау жүйесі: көлік медицинасы, дәрігерлер жалақысы, ана өлімі, пандемиямен күрес шаралары -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
ҚР Ұлттық ұланы қандай қызмет атқарады -
ҚР Денсаулық сақтау министрі Цой мен вице-министр Шоранов QAZVAC салдырды -
Нотариат саласындағы реформалар: жылжымайтын мүлік құқықтары, цифрланған нотариус