СҚО-да 2016 жылға дейін 5 жаңа білім беру мекемесі салынады – С.Ескендіров

6 Желтоқсан, 2013 15:45
Солтүстік Қазақстан облысында 5 жаңа білім беру мекемесін салу жоспарланып отыр. Соның 4-еуі мектеп болса, 1-еуі балабақша, деп мәлімдеді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров ОКҚ брифингінде.

«Қазіргі таңда көптеген жалпы білім беру мектептері заманауи қондырғылармен жарақтандырылған. «Интерактивті мектеп» бағдарламасына қосылған. Осының арқасында онлайн режимде өтетін видео-сабақтар мен конференцияға қатыса алады. Шағын мектептерде сапалы білім берудің аталмыш жүйесіне қосылуға бірдей мүмкіндік жасалған. Ал олардың үлес салмағы өңірімізде 87 пайыз. Оларды 7 тірек мектебі қамтамасыз етіп отыр. 2014 жылы жоспар бойынша, тағы 7 ресурстық орталық құрылмақ. Сонымен қатар 2016 жылға дейін тағы 5 білім беру мекемесін саламыз. Соның ішінде 4-еуі мектеп болса, 1-еуі балабақша», - деді әкім.

Өңір басшысының айтуынша, соңғы 3 жылда облыста 4 мектеп салынды. Соның 1-еуі республикалық бюджет есебінен салынса, 3-еуі жергілікті бюджет есебіне салынған. Қазір Петропавл қаласындағы Тұңғыш Президенттің интеллектуалды мектебі мен Мәмлүт ауданындағы орта мектептің құрылысы жүріп жатыр.

«Облыс ҰБТ бойынша республика бойынша тұрақты түрле 3-4 орындарлы алып келеді. Өткен жылы 29 оқушы «алтын белгімен» марапатталды. 30 пайызға жуық талапкер мемлекеттік грант бойынша ақысыз білім алу мүмкіндігіне қол жеткізді», - деп түйіндеді облыс әкімі.

Барлық жаңалықтар