- Басты
- Жаңалықтар
- «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да контейнер айналымы 2016 жылы 59 мың ЖФЭ құрады (ФОТО)
«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-да контейнер айналымы 2016 жылы 59 мың ЖФЭ құрады (ФОТО)
Қытай шекарасында Еуразиялық құрлықтағы маңызды екі ауқымды жоба жүзеге асырылуда. Олар «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-н құру мен кешенді дамыту» және «Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестік орталығын құру» жобалары. «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-н құру Қазақстан экономикасының инфрақұрылымдық негізін дамыту, жүк ағымдарын қалыптастыру және ынталандыру жөніндегі жаңа экономикалық саясат шеңберінде жүзеге асырылуда.
«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның Қытайдан және Оңтүстік Шығыс Азиядан ТМД-ға, Еуропаға, Түркияға, Парсы шығанағы елдеріне және басқа өңірлерге маңызды бағдарлар қиылысында географиялық қолайлы орналасуы, мульдимодальдық логистиканы дамыту, ірі өнеркәсіптік өндірістер мен сауданы ұйымдастыру оның әлемдік деңгейдегі болашағы бар дистрибуциялық орталық болуына мүмкіндік береді.
Жетіген-Қорғас және Жезқазған-Бейнеу темір жолдар желісімен, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік дәлізімен және Ақтау портымен технологиялық байланыста «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Қазақстанның әлемдік көлік және сауда жүйелеріне одан әрі ықпалдасуын қамтамасыз етеді.
«Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның маңызды бөлігі Құрғақ порт болып табылады. Бұл Қазақстандағы ең үлкен жердегі порт және Орта Азиядағы ең ірі логистикалық парк.
«Бүгінгі таңда 73 234 ЖФЭ контейнерге жүк тиеу көлемі орындалды. Контейнер айналымы 2016 жылы (қаңтар-қазан) 59 106 ЖФЭ құрады», - деп хабарлады «Khorgos-Gateway» ЖШС бас директоры Карл Гейссен.
Қытай темір жолының болжамына және ҚХР ресми статистикалық деректеріне сәйкес, ҚХР- ЕО бағыты бойынша контейнерлік пойыздардың көлемі жылына 5000 бірлікті және немесе 2020 жылға қарай 500 000 ЖФЭ құрайды. Биылғы жылы осы бағдар бойынша 2016 жылы 95 000 ЖФЭ күтілуде. Салыстыру үшін, 2011 жылы темір жолдар бойынша 1 100 ЖФЭ тасымалданған.
«Қорғас» ХШСО президенті Қ. Жазиннің айтуы бойынша, ХШСО орталығының нормативтік- құқықтық базасы жетілдірілуде. Оның ішінде «Қорғас» ХШСО АЭА құру туралы» Мемлекет басшысының Жарлығын, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға ХШСО қызметі мәселелері бойынша түзетулер енгізетін Заң әзірлеу ұсынылған.
Сонымен қатар, азаматтардың ХШСО аумағына кіріп-шығуы мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуде, багаж жүктерін қабылдау қызметі жетілдірілген. Орталыққа келушілер үшін бірыңғай төлем картасы жүйесін енгізу жоспарланып отыр. ХШСО толық енгізілуі 2018 жылға жоспарланған.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты