- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан және Мысыр – маңызды әріптестер – ҚР СІМ
Қазақстан және Мысыр – маңызды әріптестер – ҚР СІМ
Мысырдың сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстанның Елшісі Б. Арынды Мысырда атқарған жемісті қызметі және екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын айтты. С. Шукри 2016 жылғы ақпан айында өткен Мысыр Президенті - Фаттах Халил Ас-Сисидің Астанаға ресми сапарының және Мысыр-Қазақстан қатынастарының дамуына зор серпін берген екі ел басшылары арасындағы келіссөздердің нәтижесін атап өтті. Осы ретте, ол Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Каирге жауап сапарының жуық арада жүзеге асырылатынына сенім білдірді.
«Астана әрдайым Каирдің Еуразия континентіндегі маңызды әріптесі болған және болып қалады, ал Қазақстан бүгінде Президенттің әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған табысты халықаралық бастамаларының арқасында әлемдік деңгейде өзін мойындата білді», - деп атап өтті ол.
Қазақстандық дипломат мысырлық министрге Қазақстан Елшілігінің екі ел арасындағы ықпалдастықты дамытудағы күш-жігеріне тұрақты көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін ризашылығын білдіріп, тараптар арасында әрқашан ізгі ниеттермен өзара тиімді мүдделер негізінде сындарлы жүргізіліп келген жұмыс қарқынының одан әрі жалғаса беретіндігіне сендірді.
Қазақстан-мысыр достастығы ассоциациясының мүшелері Б.Арынның дипломатиялық миссиясының аяқталуына орай Каир қаласында қоштасу кешін ұйымдастырды. Оған белгілі саяси және қоғам қайраткерлері, бизнесмендер мен Мысырдың жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Ассоциацияның Бас хатшысы Фатхи Туган және Қазақстан-Мысыр Іскерлік кеңесінің тең төрағасы А. Килани өз сөздерінде Б. Арынның Каирдегі қызметінің терең саяси дағдарыстар мен революциядан кейін елді қайтадан қалпына келтірумен байланысты Мысыр үшін қиын да шешуші кезеңге тап келгендігіне қарамастан, екі елдің бұрынғы жылдары қалыптасқан екіжақты ынтымақтастығының әлеуетін сақтап қана қоймай, оны одан әрі ілгерілете түскенін және оның ұзақ мерзімдік дамуының негізін қалай білгендігін айта отырып, бұл іске қазақстандық Елшінің айтарлықтай еңбек сіңіргендігін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер